+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық шахмат турниріне қатысу қорытындысы
15 Қар, 06:30

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылар арасында шахматты насихаттау және тарату мақсатында 2013 жылдың 3-9  қарашасы аралығында Астана қаласында халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садвакасов кубогына Республикалық турнир өткізді.

Республикалық турнирдің қорытындысы бойынша Аягөз ауданы №3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қалиаскарова Арайлым «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» грамотасымен марапатталды. Команда жетекшісі Өскемен қаласы, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ауғанбаев Ербол Карлұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқушыларды дайындауда белсенділік танытқаны үшін» грамотасымен марапатталды.

Барлық қатысушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз. Табыстар мен жетістіктер тілейміз!