Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізетіндігін хабарлайды. Конкурс мерзімі 2013 жылдың 25 қарашасына дейін ұзартылды.
Конкурсқа 5-6 жастағы мектепке дейінгі білім мекемелерінің балалары мен 7-10, 11-17 жас аралықтарындағы сурет, қол өнерінен ерекше шығармашылық қабілетімен көрініп жүрген мектеп оқушылары қатыса алады.
Конкурстың негізгі бағыттары: кескіндеме, мүсін өнері, қолданбалы көркемөнер.Сайыс ережесі shygysdaryny. kz сайтында жарияланған.
Конкурсқа әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден, мектепке дейінгі білім мекемелерінен әр жас ерекшеліктеріне қарай үздік 3 жұмысқа дейін қабылданады.
Ескерту: талапқа сай келмеген жұмыс қабылданбайды.
Сұраныс үлгісі:
|
№ |
Оқушының аты - жөні |
Аудан/қала |
Мектеп, сынып, б/ бақша |
Жасыы |
Шығармашылық жұмыстың атауы |
Мекен жайы
|
Конкурсқа сұраныс пен жұмыстарды және орындалған жұмыстың электрондағы нұсқадағы фотосын 2013 жылдың 25 қарашасына дейін төмендегі мекен – жайға жіберу қажет: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы), Тел/факс 8/7232/ 552-112. Электронды адрес:vk_daryn@mail.ru.