ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы жас журналистердің облыстық конкурсын өткізетіні жайлы хабарлайды.
Конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептері мен мамандандырылған мектептерден 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Конкурс 2 кезеңде өтеді: I кезең – қалалық (аудандық), II кезең – облыстық.
Облыстық кезеңге сайыстың бірінші кезеңінен іріктеліп алынған үздік үш жұмыс қабылданады.
Конкурстың өткізілу ережесі ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында (www.shygysdaryny.kz.) орналасқан.
Сайысқа қатысу үшін аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері басшыларының, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен куәландырылған өтінім мен (көрсетілген үлгі бойынша) қатысушылардың жұмыстарын 2013 жылдың 25 қарашасына дейін жіберу қажет.
Тапсырыс үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Қала/аудан |
Мектеп |
Сынып |
|
|
|
|
|
|
Конкурсқа тапсырыстар мен жұмысты Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 мекенжайында қабылдайды. Байланыс тел/факс 700-609, 552-112, эл. мекен-жай: vk_daryn@mail.ru