+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
2010 – 2011 оқу жылындағы оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінің қорытындысы
18 Жел, 05:55

2010 жылдың 13-14 желтоқсанында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңін өткізді. Осы шара оқушылардың ғылыми білімдерін насихаттау, ғылыми жұмысқа қызығушылықтарын дамыту, облысымыздың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында өткізілді.cut

Жарыс төрт бағыт бойынша өтті:

1.Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялары: физика, техника, Жер және ғарыш туралы ғылым);

2.Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық моделдеу (секциялары: математика, қолданбалы математика, информатика, экономика);

3. «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың негізі таза табиғи орта  (секциялары: биология, химия, қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау);

4. Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялары: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі).

Ғылыми жобалар жарысына қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысының әр түрлі оқу орындарынан 1472 оқушы (1308 жоба) тапсырыс беріп, тіркеуден өткен.

 Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 248 жас зерттеуші (219 жоба) 2010 жылы 13 желтоқсанда өткен облыстық кезеңге қатысуға шақырылды.

Қазылар алқасының құрамында республиканың жетекші жоғарғы оқу орындарының (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, Шәкәрім атындағы СМУ, Семей қ. Мемлекеттік медицина академиясының, «Қайнар» университетінің (Семей), ҚазГЗИУ (Семей),  ҚАЕУ, ШҚАУ, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығынан 6 ғылым докторы, 34 ғылым кандидаты, 4 аға оқытушы) ғалымдары, облыстық этнографиялық мұражайдың қызметкерлері болды.

Ғылыми жобаларды тақырыптың маңыздылығына, шығармашылық қабілетіне, ғылыми ой-жүйесіне, зерттеу әдістерін пайдалану әсерлілігіне, тақырыптың ашылу дәрежесіне, шешендік өнеріне, көрсетілген материалдың сапасына, нақтылығына, команда мүшелерінің үйлесім деңгейіне қарай  қазылар алқасы бағалады.

Облыстық кезең қорытындысы бойынша 111 оқушы (94 жоба) жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. 20 оқушы (18 жоба) I дәрежелі, 38 оқушы (31 жоба) – II дәрежелі, 53 оқушы (55 жоба) – III дәрежелі дипломдармен марапатталды (1- кесте).

Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінің жүлдегерлері дипломдар мен жүлделермен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Дәстүрлі түрде екінші күні жарыстардың республикалық кезеңінің І айналымы өткізілді. Онда бейінді пәндері бойынша оқушылар тестілеуден өтті. Биылғы жылы өту деңгейінен (60 ұпай) 65 қатысушы  (57 жоба) өтті (2-кесте).

 1 – кесте   

Шығыс Қазақстан облысы аудандары мен қалалары оқушыларының 2010 – 2011 оқу жылындағы оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының  облыстық кезеңіне қатысу қорытындысы 

 

Аудандар/ маманд. мектептер 

Облыстық кезең

(жүлделі орындар) 

респ. кезеңнің I айналымы  (тестілеу)

қатысушы

жоба

қатысушы

жоба

1

Өскемен

 17

17

12

12

2

Семей

38

29

20

16

3

Риддер

1

1

1

1

4

Курчатов

 

 

 

 

5

Абай

1

1

 

 

6

Аягөз

 

 

 

 

7

Бородулиха

1

1

 

 

8

Глубокое

2

1

2

1

9

Жарма

 

 

 

 

10

Зайсан

3

3

1

1

11

Зырян

2

1

 

 

12

Күршім

3

3

2

2

13

Көкпекті

 

 

 

 

14

Катонқарағай

 

 

 

 

15

Тарбағатай

 

 

 

 

16

Үржар

 

 

 

 

17

Ұлан

1

1

 

 

18

Шемонаиха

 

 

 

 

19

Жамбыл ат. ДБА ОММГИ

2

2

1

1

20

ШҚО АМЛИ

6

5

4

4

21

Өскемен қ. ҚТЛ

5

4

2

2

22

Семей қ. ҚТЛ

 

 

 

 

23

ДБА «Восток» ҒЗДОО

4

4

1

1

24

ҚММФИМ

6

5

5

4

25

ДБА №34 ОММЛ

7

7

6

6

26

Ш.Уәлиханов ат. ДБА «Жас Ұлан» ОММЛИ, Семей қ.

2

2

1

1

27

Семей қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі

5

4

4

3

28

Өскемен қ. Назарбаев Зияткерлік мектебі

 

 

 

 

29

Семей қ. Шәкәрім ат. №5 МГ

5

3

3

2

 

Барлығы: 

111 

94 

65 

57 

 

 

 

 

 

Тестілеу нәтижесі аудандық(қалалық) білім бөлімдері мен облыстық мамандандырылған білім мекемелеріне жіберілді. Республикалық тестілеуде өту деңгейін жинаған (60 және одан жоғары ұпай) жеңімпаздардың ғылыми жобалары жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының іріктеу кезеңіне қатысады.