+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Халықаралық «British Bulldog» конкурсын өткізу туралы
14 Қар, 10:19

Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Ресей білім Академиясының институты және British Institutes пен бірлесіп, оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттыру, тіл білімі саласында дарынды балаларды анықтау, шет тілдер бойынша сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды белсендіру, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында 2013 жылы 17 желтоқсанда жетінші «British Bulldog» конкурсын өткізеді.

Конкурсқа қатысушыларға 75 минутта түрлі деңгейлердегі 60 сұраққа жауап беру ұсынылады. Тапсырмалар тіл қызметінің әр түрін (грамматиканы, лексиканы білу, мәтінді, байланыстыра сөйлеуді түсіну) қамтитын 10 сұрақтан тұратын 6 блокқа бөлінеді. Алғашқы 10 сұрақ – байланыстыра сөйлеуге арналған тапсырмалар. Қатысушылар мәтінді 2 рет тыңдағаннан кейін берілген 10 сұраққа жауап береді.

Тапсырмалар жас ерекшелігіне байланысты төрт топқа бөлінген: 3-4, 5-6, 7-8, 9-11 сыныптар. Конкурсерікті түрде ақылы – 500 теңге. Қатысуға тапсырыстар қағаз және электронды түрде көрсетілген нұсқау бойынша төленген ақының түбіртегімен қоса ағымдағы жылдың 6 желтоқсанына дейін Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74 ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында қабылданады. Тел/факс: 8/7232/ 552-112. Электронды мекен-жай:vk_daryn@mail.ru.

 

Қала/аудан

Барлық қатысушы саны

Мектеп

Сыныптар бойынша

3-4

5-6

7-8

9-11

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурс реквизиті:«British Bolldog»

РГКП РНПЦ «Дарын»

ИИК KZ 566010111000021443        БИК HSBKKZKX    БИН 990240007434          

«Народный банк Казахстана»

г.Астана     КБЕ 16     КНП 861