Жоғарғы сынып оқушыларының ғылым негіздеріне қызығушылықтарын арттыру және олимпиадалық тапсырмалардың ерекшеліктерімен таныстыру мақсатымен оқушылардың күзгі демалыс уақытында 2013 жылдың 3-9 қарашасы аралығында «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Астана, Алматы, Тараз, Орал қалаларында «Интеллект» және «Зияткерлер» бейіндік ауысымдары өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысынан республикалық бейіндік ауысымға 25 оқушы қатысты, олар математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі, тарих және география пәндері бойынша өздерінің білімдерін кеңейтіп, тереңдете түсті.
Бейіндік ауысымға қатысушылар үшін күнделікті бағдарламада Қазақстанның ЖОО-ның жетекші мұғалімдерімен арнайы курстар және психологиялық тренингтер, спорттық жарыстар, экскусиялар, түрлі танымдық – дамыту шаралары ұйымдастырылды.
«Интеллект» және «Зияткерлер» бейіндік ауысымының аясында өткізілген олимпиада қортындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан 6 оқушы жүлделі орындарды иеленді.
ІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің оқушысы Шайдоллаев Тұрлыхан (ағылшын тілі).
ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталады:
1.Риддер қаласының мектеп гимназиясының оқушысы Зверева Ульяна(тарих);
2.Өскемен қаласындағыдарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының оқушысы Омарғажин Дамир (математика);
3. Өскемен қаласындағыдарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы мектеп-лицей-интернатының оқушысы Қабдығазинов Данияр (математика);
4. Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің оқушысыАхметов Арман (математика);
5. Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің оқушысыКундызбеков Еркебулан - (математика).
Бейіндік ауысымның барлық қатысушыларына грамоталар, сертификаттар және естелік сыйлықтар тапсырылды.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте табыстар тілейміз.