+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Математика және физика пәндері бойынша ғылыми мектептің жұмысына оқушылардың қатысуы туралы
13 Қар, 05:03

2013 жылдың 4-8 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облысымыздың дарынды оқушыларын халықаралық және республикалық, облыстық зияткерлік жарыстарға дайындау мақсатында жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша ғылыми мектеп ұйымдастырды.

Ғылыми мектептің негізгі міндеттері:

- оқушылардың зияткерлік  қабілеттерін және олардың зерттеу қабілеттерін дамыту;

- оқушылардың зерттеу жұмыстарын орындауда және шығармашылық ізденістері барысында  аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру;

- оқушылардың оқу еңбек қызметтеріндегі жүйеліліктерін және мақсаткерліктерін тәрбиелеу;

- дарынды оқушыларды айқындап және олардың зияткерлік мүмкіндіктерінің жүзеге асуын қамтамасыз ету.

Ғылыми мектепке жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің және Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлерінен 8 оқушы қатысты. 

Қатысушының аты, тегі

Мектеп, қала

Сынып

Пән

1.                 

Ермолаев Вячеслав

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп

9

математика

2.                 

КадырбековАкан

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп

10

математика

3.                 

Сағымжан Бекжан

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернат

9

математика

4.                 

Мухамжар Рауан

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернат

9

математика

5.                 

Қалқаман Әлішер

Семей қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицейі

9

физика

6.                 

Алимгазиев Сержан

Семей қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицейі

10

физика

7.                 

Толеугазинов Олжас

Семейқ.  №6 гимназия

9

физика

8.                 

Талғат Азамат

Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған Шәкәрім ат. үш тілде оқытатын мектеп

 

9

физика

 Облыстық мамандандырылған  мектептердің жетекші мұғалімдері математика, физика пәндерінен  консультация, тәжірибелік сабақ және тренингтер түрінде дайындалған сабақтар өткізді.

Оқушылар әртүрлі деңгейдегі олимпиадалық есептерді шешуде өздерінің теориялық білімдерін, тәжірибелік дағдыларын тереңдетті.

Қатысушылар ғылыми мектептің маңыздылығын, мазмұндылығын және жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап айтты.