2013 жылы 29 қарашада Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми–практикалық «Дарын» орталығы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі интеллектісі сақталған оқушыларға арналған «Интеллектуалдық марафон» облыстық олимпиадасын өткізуді жоспарлайтынын хабарлаймыз.
Олимпиада 14 жастан 17 жасқа дейінгі жас аралығында «Математика», «Информатика», «Физика», «Экология», «Биология» пәндері бойынша өткізіледі. Әрбір қатысушы барлық пәннен тапсырманы кешенді түрде орындайды. Тапсырманы орындауға астрономиялық 4 сағат уақыт беріледі.
Әр ауданнан, қаладан, облыстық мекемеден олимпиадаға қалалық/аудандық немесе мектепішілік кезеңде (облыстық мекеме үшін) жүлдегер болған 4 оқушы қатыса алады.
Олимпиаданы өткізу туралы ереже www.shygysdaryny.kz сайтында орналасқан.
22 қарашаға дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына келесі құжаттарды өткізу қажет:
1) олимпиаданың қалалық/аудандық немесе мектепішілік (облыстық мекеме үшін) кезең қорытындысы бойынша аудандық/қалалық білім беру бөлімінің бастығы немесе облыстық мекеменің директоры қол қойған хаттама;
2) берілген үлгі бойынша аудандық/қалалық білім беру бөлімінің бастығы немесе облыстық мекеменің директоры бекіткен өтінім;
3) олимпиаданың аудандық (қалалық), мектепішілік кезеңінің жүлдегері болған оқушының жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) оқушының ауруы туралы диагнозы көрсетілген мүгедектігі туралы анықтама.
Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық олимпиадаға қатысуға өтінім:
|
Қатысушының АЖ (туу туралы куәлік не жеке куәлігі бойынша) |
Туған күні, жылы, толық жасы |
Аудан/қала, мектеп, сынып |
Диагнозы |
Олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілген орын |
Үйлестірушінің АЖТ, қызметі, электронды адресі, байланыс телефондары |