+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Энергия және қоршаған орта» энергияны үнемдеу бойынша оқушылар жобаларының Халықаралық конкурсының Ұлттық кезеңін өткізу туралы
08 Қар, 12:47

ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті  «ЭкоОбраз» Қоғамдық бірлестікпен бірлесе 2013-2014 жылдары «Энергия және қоршаған орта» энергияны үнемдеу бойынша оқушылар жобаларының Халықаралық конкурсының Ұлттық кезеңін өткізетіндігін  сіздердің назарларыңызға жеткізеді.

Осы конкурс INFORSEEurope (Еуропалық энергетиканың тұрақты даму желісі)  және Норвежск табиғатты сақтау қоғамының қолдауымен БҰҰ «Тұрақты даму үшін білім беру» дүниежүзілік декадасының аясында өткізіледі.

Сіздерге энергияны үнемдеу бойынша оқушылар жобаларының Халықаралық конкурсының Ұлттық кезеңіне қатысуға дайындалу үшін материалдар жібереміз (26.09.2013 ж. №081 хаты, конкурс туралы Ереже, қатысушының тіркелу үлгісі).

2013 жылдың 20 желтоқсанына дейін конкурсқа жұмыстарды ұсыну керек. «Конкурс SPARE» деген белгімен электронды түрдегі  жұмыстар мен қатысушының толтырған тіркелу үлгісі vk_daryn@mail.ruэлектрондық адресінде қабылданады. 

Қосымша: 5 бет.