+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының өткізілу қорытындысы
08 Қар, 12:44

2013 жылдың 5-10 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында 7 - 9 сынып оқушылары арасында «Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың Республикалық кезеңіне қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан, Астана, Алматы қалаларынан 120 оқушы шақырылды.

Шығыс Қазақстан облысының командасында 7 оқушы болды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша барлық 7 оқушы жүлдегер атанды.

I дәрежелі  дипломдармен марапатталғандар:

1. Советхан Инабат - Өскемен қаласындағы, НЗМ  7 - сынып оқушысы;

2. Уалибекова Ділдә - Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының  9 - сынып оқушысы;

3. Раздомина Анна – Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебінің 9 - сынып оқушысы;

II  дәрежелі дипломмен: Мұратова Жайна – Абай ауданы, Абай атындағы мектеп - лицейдің 9 - сынып оқушысы;

III дәрежелі  дипломдармен марапатталғандар:

1. Серікжанова Еркежан – Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернатының 8 - сынып оқушысы;

2. Науанқызы Аяулым - Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернатының 8 - сынып оқушысы;

3. Фомина Анна – Глубокое ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің  9 -  сынып оқушысы.

Олимпиаданың барлық қатысушылары шығармашылық және зияткерлік әлеуетте жоғары деңгей көрсетті. Советхан Инабат және Уалибекова Ділдә шығармашылық конкурста (эссе) жоғары нәтиже көрсетті. Олардың жұмыстары ең үздік деп саналып, олимпиаданың барлық қатысушыларына көрсетілді.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Конкурстың барлық қатысушыларына, олардың мұғалімдеріне және ата-аналарына келешекте табыс тілейміз!