+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша «MOSTRATEC-2013» Халықаралық олимпиадасына Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының қатысу қорытындысы
08 Қар, 12:16

2013 жылдың 20-25 қазаны аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша Бразилияда Ново-Гамбургқаласында «MOSTRATEC-2013» Халықаралық олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: оқушыларды оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді және көбірек таланттыларды іріктеп, қолдау көрсету, зияткерлік әлеуеттерін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Іріктеу турының қорытындысы бойынша бұл олимпиадаға Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында еліміздің мектептерінен 33 оқушы қатысты, оның екеуі Шығыс Қазақстан облысының оқушылары. Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушылары  Тұрсынханов Мақсат және Ибраев Астамбек біздің аймақтың атын шығарып, қола медалді жеңіп әкелді.

Осы олимпиадаға қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып және Ново-Гамбургқаласының әйгілі тарихи жерлеріне саяхаттар жасады.

Жүлдегерлерді, олардың мұғалімдерін және ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз! Келешекте табыс тілейміз!