ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Сіздердің назарларыңызға Санкт-Петербург Ақпараттық технологиялар, механика және оптика Ұлттық зерттеу университетінің ұйымдастырумен физика пәні бойынша Интернет-олимпиадаға тіркеу басталатындығын жеткізеді.
Оқушылар мен мұғалімдер http://distolymp.spbu.ru/olymp/index _reg.html. бетіне тіркеле алады. Егерде сайтты көруде қандай да бір қиыншылық туындаса бетті жаңарту керек немесе олимпиаданың жаңа адресі бойынша http://distolymp.spbu.ru/olymp.бетіне шығу керек.
Олимпиадаға қатысу ерікті, тегін.
Олимпиаданы өткізу төмендегідей кесте бойынша жоспарлануда (іштей турды өткізу кестесі анықталуы мүмкін):
1) 1-Қашықтықтан өткізілетін тур: 2013 ж. 1-7 желтоқсанында (бірінші қашықтықтан өткізілетін турдың алдында жаттығу тапсырмаларын орындауға болады);
2) 2 - Қашықтықтан өткізілетін тур: 2014 ж. 19-26 желтоқсанында;
3) Ақтық (іштей) тур 11 сынып оқушылары үшін: 2014 ж. 22 наурызда;
4) Ақтық (іштей) тур 7-10 сынып оқушылары үшін: 2014 ж. 22-23 наурызда;
Олимпиаданың барлық қатысушылары қашықтықтан өткізілген кезеңнің қорытындысына байланысты - қашықтықтан өткізілген кезең үшін шығаруға ыңғайлы, электронды түрде дипломдар және мақтау грамоталарын, қатысқаны үшін сертификаттар алады. Іштей турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Оқушылар Олимпиадасы Ресей Кеңесінің дипломдары, сонымен қатар олимпиаданың Ұйымдастыру комитетінің атынан электронды түрде мақтау грамоталары мен сертификаттар беріледі.
Егер физика мұғалімі олимпиада жүйесіне тіркелмеген болса, оған міндетті түрде тіркелу керек. Олар тіркелгеннен кейін жаттығу тапсырмаларына қол жеткізе алады, ал кезекті тур аяқталғанан соң ғана олимпиада тапсырмаларын алады. Сонымен қатар мұғалімдерге интернет-олимпиадаға байланысты жағдайлар туралы ақпараттар жіберіледі.
Қашықтықтан өткізілген және іштей кезеңде мұғалімдер мен оқушылар жоғары мөлшерде жетістікте болса мақтау грамоталарын алады (шығаруға ыңғайлы, электронды түрде).
Іштей турда жоғары нәтиже көрсеткен олимпиаданың дипломанттары сыйлықтармен марапатталады (ноутбуктармен, нетбуктармен және т.б.) –
http://barsic.spbu/olymp/2012award/winners2011_2012.pdf, http://barsic.spbu.ru/olymp/2013award/award_2013pdf сайтын қараңыз.
Олимпиаданың бірнеше дипломанттарын дайындаған мұғалімдер де, бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталады.