Сіздердің назарларыңызға ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының бірден-бір басты бағыттарының бірі дарынды балаларды оқыту және қолдау көрсету үшін жағдайлар жасау, халықаралық бірлестікті белсенді дамыту болып табылатынын жеткізеді
Осыған орай, Санкт-Петербург ақпараттық технология, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті шығармашылық бірлестік туралы келісімінің негізінде қазақстандық оқушыларға математика мен ақпараттық технология бойынша Интернет олимпиадаларға қатысуға жағдайлар жасалған.
11 сынып оқушылары арасынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Санкт-Петербург ақпараттық технология, механика және оптика ұлттық зерттеу университетіне сынақсыз және Ресей Федерациясы бюджетінен оқу озаттары мен екпінділерге шәкіртақы төлеу арқылы оқуға түсуге мүмкіндіктері бар. Аталған университет осы ғасырдағы ғылым мен техниканы дамытуға бағытталған алдыңғы қатарлы технологияның білікті мамандарын даярлаудағы Қазақстан Республикасының 100 азаматы білім алып жатқан ресейдің үздік университеті болып табылады.
Ережеге сай Интернет-олимпиада 2 кезеңде өтеді:
1 кезең: - іріктеу-қашықтықтан- 2013 жылғы қараша – 2014 қаңтар
2 кезең – қорытынды-іштей: 2014 жылғы наурыз
Олимпиадаға 7-11 сынып оқушылары қатысады. Өткізілетін олимпиада тегін.
Олимпиадаға қатысу үшін 2013 жылдың 1-ші қарашасынан бастап http://olymp.ifmo.ru. сайтында тіркеу басталады.
Іріктеу кезеңі 2013 жылдың 1 - ші қарашасынан басталып, 2014 жылдың 31-ші қаңтарынан аяқталады. Іштей ақтық кезең мөлшермен 2014 жылдың наурызының 3-ші декадасында көктемгі оқушылар демалысы кезінде өткізіледі.
Олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізу бойынша ақпарат қосымша беріледі.