+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ «СУБДОМИНАНТА» БАЙҚАУЫ
15 Жел, 10:51

Шығыс Қазақстан облысының  білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы ағайынды халық әртістері Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі және музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебімен бірлесе отырып, музыка теориясы пәндері бойынша облыстық «Субдоминанта» байқауын өткізеді. cut

Байқаудың мақсаты – музыкадағы дарынды балаларды айқындау, шығармашылық, білімділік және парасаттылық  белсенділіктерін дамыту.    

Конкурс музыкалық әдебиет номинациясы бойынша өтеді.

Жол жүру ақысы, тұрағы, тамақтануы қатысушыларды жіберуші жақтың білім мекемелерінің есебінен өтеледі.

Қатысуға тапсырыстар  2011ж. 15 наурызға дейін келесі форма бойынша қабылданады:

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің аты

 

Туған күні, айы, жылы

 

Оқу мекемесінің атауы

(толық жазылсын)

 

БММ, БӨМ музыкалық әдебиет бойынша оқыған жылдары

 

Мұғалімінің Т.А.Ә.

 

Музыкалық аспабы

 

Мектеп директорының қолы   __________________________________

 

Тапсырыстарды 8 (7232)75-85-40 факсіне немесе osshodmuka@mail.ru электрондық адреске жіберулеріңіз керек.

Қосымша ақпараттар алу үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8 (7232) 75 -77 -19 телефондарына хабарласуға болады.

 

Музыка теориясы пәндерінің облыстық байқауы          

«СУБДОМИНАНТА»

ЕРЕЖЕСІ

 

 

I Жалпы ережелер

1. Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай ШҚ ӨҒПО «Дарын») Ағайынды әртістер Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі (ары қарй ШҚӨК) және ШҚО әкімдігі білім басқармасының «Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебімен» (ары қарай ШҚО әкімдігі ББ МДБ ОММ) бірлесе, ШҚО әкімдігі ББ МДБ ОММ-інің, Шығыс Қазақстан облысының балалар музыка мектебінің және өнер мектебінің оқушыларына арналған, жыл сайын музыка теориясы пәндері бойынша (сольфеджио және музыка әдебиеті) Облыстық «Субдоминанта» байқауын өткізеді. Байқау музыкадағы дарынды балаларды айқындау, олардың шығармашылық белсенділіктерін, рухани, білім және парасаттылық деңгейін дамыту мақсатында өткізіледі.      

2. Өту орны: Өскемен қ., ШҚО әкімдігі ББ МДБОММ, 30-шы Гвардияшылар дивизиясы көш.4., телефондары: 8(7232)75-86-21; факс 8(7232)75-85-40; e-mail: osshodmuka@mail.ru

3.  Байқау екі кезеңнен өтеді: а) мектептік  б) облыстық.

4. Байқау жыл сайын, сәуір айының бірінші он күндігінде өтеді («Музыка әдебиеті» және «Сольфеджио» пәндері бойынша кезекпен: 2011ж. – «Музыка әдебиеті» номинациясы бойынша, 2012ж. – «Сольфеджио» номинациясы бойынша және т.б.). Өтінімдерді тапсыру – ағымдағы жылдың 15-наурызына дейін.

5. Қазылардың құрамын байқауды ұйымдастырушылар анықтайды, оларды ШҚӨК және МДБ ОММ музыка теориясы пәндерінің аға мұғалімдері арасынан іріктейді. Егер де, қазылар мүшесі қатысушының мұғалімі болып келетін болса, ол қатысушыны бағалауға қатыспайды. Қазылар шешімі нақты болып табылады, талқылауға және қарауға жатпайды.  

6. Байқаудың жеңімпаздарын қазылар алқасы шешеді. Әрбір жас тобына байланысты, облыстық байқаудың І, ІІ және ІІІ дәрежелі иегерлері және жүлделі орындар анықталады.

 

II  «Сольфеджио» номинациясы бойынша байқау шарттары   

7. «Сольфеджио» номинациясы бойынша байқаудың міндеті – теориялық, тәжірибелік және шығармашылық қызметтерінің біртұтастығы негізінде оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту.

8. «Сольфеджио» номинациясы бойынша байқауға төмендегі жас тобына жататын барлық қатысушылар қатыса алады:

     - кіші топ – 7-9 жас;

     - орта топ – 10-12 жас;

     - жоғары топ – 13-16 жас.

Байқауға қатысушылардың жас мөлшері 2011 жылдың 01-наурызымен анықталады. Бір оқу орнынан бірнеше қатысушы қатыса алады.9. «Сольфеджио» пәні бойынша байқау бір кезеңнен тұрады (үш тапсырма, әрбіреуі 10 балдық жүйемен бағаланады).

  1. 10.      «Сольфеджио» пәні бойынша байқау бағдарламасының талаптары:

Бірінші тапсырма – диктант. Орындау уақыты – 35 минут (8 ойналым әрбір 4 минут сайын, тональності ғана беріледі).

Топтар бойынша тапсырманың күрделі деңгейі:

Кіші топ – тембірлі диктант, әуендегі қиындықтар;

Орта топ – ырғақтық қиындықтар;

Жоғары топ – хроматизм, ауытқу, модуляция.

Баға сындары: әуеннің дұрыс жазылуы, ырғақтың дұрыс жазылуы, жазу жылдамдығы.

Екінші тапсырма – таныс емес әуенді нотаға қарап айту. Дайындық уақыты – 30 минут.

Топтар бойынша тапсырманың күрделі деңгейі:

Кіші топ – 2 кілттік белгілеріне дейінгі мажор мен минор тональностігіндегі әуендер, үшдыбыс дыбыстары және оның айналымдары бойынша сабақта өткен аралықтардың интонацияларымен әуеннің қозғалуы. Ырғақ: оналтылық, нүктелі ширек нотасы – сегіздік, сегіздік – екі оналтылық, екі оналтылық – сегіздік.

Орта топ – 4 кілттік белгілеріне дейінгі тональносттерде ладтың негізгі үшдыбыстары және септаккордтар дыбыстары бойынша әуендердің біртіндеп қозғалысы. Ырғақ: триольдар, синкопалар, пунктирлі ырғақтар.     

Жоғары топ – бес сатылы және жеті сатылы халық ладтарындағы әуендер. Ырғақ: лигалы ноталар, пунктирлі ырғақ, нүктелі ширек нотасы – екі оналтылық.

Бағалау сындары: дауыс ырғағының дұрыстығы мен тазалығы, дирижер ымының нақтылығы, орындау мәнерлілігі.    

Үшінші тапсырма – сүйемелдеуді аккордтармен топтастыру. Дайындық уақыты – 30 минут.     

Топтар бойынша тапсырманың күрделі деңгейі: сүйемелдеу фактурасын таңдау барысындағы еркіндік, гармониялық сауаттылық. Бағалау сындары: гармониялық функцияны таңдаудағы сауаттылық, берілген әуенді стилдік интерпретациялаудағы және оны орындаудағы нақтылық, фактура күрделілігі.    

 

III «Музыкалық әдебиет» номинациясы бойынша байқау шарттары

11. «Музыкалық әдебиет» номинациясы бойынша байқаудың міндеті – әртүрлі дәуір мен стилдегі музыкалық өнерді қабылдау процесі барысында музыкалық естуі қабілетін белсендендіру арқылы оқушылардың музыкалық  ойлауын дамыту.  

12. Байқауға ІІІ-IV жыл «Музыкалық әдебиет» пәнін оқыған оқушылар қатыса алады (жас мөлшері шектеусіз). Бір оқу орнынан бірнеше қатысушы қатыса алады.

13. «Музыкалық әдебиет» пәні бойынша байқау бір айналымнан, бір топта өтеді.

14. Байқаудың бағдарламалық талаптары:

Бірінші тапсырма (негізгі) – тыңдалған музыкалық шығарманы жазбаша талдау. Орындау уақыты – 45 минут. Жазбаша талданатын шығармалар тізімі алдын-ала беріледі.

Бағалау сындары: музыкалық формаларды талдау дағдыларын меңгеру, сауаттылық және ой-өрісінің кеңдігі, эмоциялық және даралық. Жазбаша талдау 10 балдық жүйемен бағаланады.

Екінші тапсырма (үй тапсырмасы) – өзі меңгерген музыкалық аспапта шығарманы орындау және осы шығарманы ауызша талдау. Талдау уақыты – 3 минут.   

Орындалатын шығармаға қойылатын талаптар – кез-келген музыкалық бағыттағы композитордың характерлі пьесасы, орындау уақыты 2 минуттан көп емес.   

Бағалау сындары: Орындау сапасы, шығарманы орындау және талдау барысындағы музыкалық бейнені ашудағы даралық. Орындалған шығарма 5 балдық жүйемен бағаланады.    

IV Байқауға қатысушыларды марапаттау

15. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.

16. Облыстық фестиваль-байқауының жеңімпаздары әрбір топ бойынша І, ІІ және ІІІ дәрежелі құрмет дипломдарымен және төмендегі номинациялар бойынша грамоталармен марапатталады:

 

«Сольфеджио» пәні бойынша;

«Дауыс ырғағының тазалығы үшін»;

«Сүйемелдеуді аккордтармен нақты топтастырғаны үшін»;

«Үздік диктант»;

«Теориялық сауаттылығы үшін»;

«Сүйемелдеу барысында стиль сезімі үшін»;

«Музыкалық әдебиет» пәні бойынша;

«Музыкалық шығарманы саналы талдағаны үшін»;

«Музыкалық түрді дұрыс анықтағаны үшін»;   

«Музыкалық шығарманы талдаудағы ерекшелігі үшін»;

«Музыкалық шығарманы жазбаша үздік талдағаны үшін»;  

«Орындаған музыкалық шығарманы үздік талдағаны үшін».

17. Облыстық байқаудың иегерлері атанған педагогтар, оқушылар ШҚО білім басқармасы мен ШҚ ӨҒПО «Дарын» грамоталарымен марапатталады.

 

V Байқауды қаржыландыру

18. Байқауға қатысушылар мен оларға еріп жүрушілердің іссапар шығындары (жол жүру, тұрғын жер, тамақтану) жіберуші тараптың есебімен жүзеге асырылады.

19. Байқауға қатысушыларды дипломдармен және грамоталармен, сертификаттармен марапаттау шығындары ӨҒП «Дарын» орталығының есебінен жүзеге асырылады.