2012 жылдың 2 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс - Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығызерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Конкурс Өскемен каласының «Нұрорда» Халықаралық мектеп кешенінде 1-7 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Шараны өткізудің мақсаты – оқушылардың шығармашылық-зияткерлік әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту.
Оқушылардың ғылыми жобалары 8 секция бойынша өткізілді:
1) математика – информатика;
2) физика – техника;
3) қазақ тіліжәне әдебиеті;
4) орыс тілі және әдебиеті;
5) биология, химия, валеология;
6) география – экология;
7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8) психология – медицина.
Білікті қазылар алқасының құрамында облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары болып,оқушылардың жобаларын ғылыми ойлауларына, зерттеу әдістерін қолданудағы нәтижелілігіне, тақырыпты ашу дәрежесіне, материалдарды көрсету сапасына, команда мүшелерінің үйлесімділігінің деңгейлеріне, шешендік шеберліктеріне, шығармашылық қабілеттеріне байланысты бағалады.
Әділ қазылардың шешімі бойынша республикалық конкурстың облыстық кезеңіне қатысуға облысымыздың қала, аудандарынан, облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептерінен 159 жас зерттеушілер шақырылды. Оның ішінде 83 оқушы жүлдегер атанды (қосымша). I дәрежелі дипломмен 17, II дәрежелі дипломмен 26, III дәрежелі дипломмен 40 оқушы марапатталды.
Жүлдегерлерді жүлделерімен құттықтаймыз! Ұстаздарына оқушыларының тағы биік белестерінен көрінуіне тілектеспіз.
Қосымша - Облыстық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары «Зерде» жеңімпаздарының тізімі:
Қосымша - Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі жүлдегерлерінің тізімі