2013 жылы 20 қарашада Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мекемелердің 3-10 сынып оқушылары арасында логикадан «Асыл тас» облыстық интеллектуалдық конкурсын өткізеді.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың оқу - танымдық әрекеттерін ынталандыру, оқушылардың арасында зияткерлік ойындарды насихаттау, дарынды балаларды айқындау және қолдау көрсету.
Конкурсқа қатысу ерікті түрде, ақылы 300 теңге төменде көрсетілген банк есепшотына аударылады:
КМҚК ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы
СТН 181600062103
БИК ALMNKZKA
р/счет КZ92826F0KZTD2000869
Өскемен қаласы, АҚ АТФ банкі
БИН 990840001922, КБЕ 16
Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің бастықтарының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы мен мөрі қойылған тапсырыстар 2013 жылдың 13 қарашасына дейін (ақы төленгендігі туралы түбіртекпен бірге) көрсетілген үлгі бойынша қабылданады:
|
№ |
Аудан, қала |
Мектеп |
Оқу тілі, сыныптар бойынша қатысушылар саны |
Барлығы |
|||||||
|
|
|
|
3-4 |
5-6 |
7-8 |
9-10 |
|
||||
|
қаз |
орыс |
қаз |
орыс |
қаз |
орыс |
қаз |
орыс |
||||
Конкурсты ұйымдастыру үшін аудандық (қалалық) мектептердің үйлестірушілері тағайындалады (өтінімде аты-жөнін, байланыс телефондарын көрсету қажет). Үйлестіруші оқушылардың аты-жөні, сыныбы, оқу тілі көрсетілген тізімнің электрондық нұсқасын қоса тапсыру керек (Excel форматында).
Тапсырыстарды келесі мекен-жайга жіберу: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 74, факс/тел. 8/7232/ 552-112.