+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Математика, физика, химия, биология пәндері бойынша өткізілген оқушылардың Президенттік олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
01 Қар, 12:23

2013 жылдың 31 қазанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын»  орталығы облыс мектептерінің 11-сынып оқушылары үшін   жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.


Шараның өткізілу мақсаты – дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, оқушылардың  жаратылыстану-математика пәндері бағытына қызығушылықтарын дамыту және олардың кәсіптік бағдарларын қалыптастыру.
Олимпиада екі тур бойынша өткізілді. Облысымыздың 13 аудан, қалаларынан және 7 облыстық білім мекемелерінен олимпиадаға 77 оқушы қатысты. Әр оқушы 4 пән (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындады.
Оқушылардың жұмыстарын құрамында жетекші ғалымдары бар С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің қазылар алқасы бағалады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 5 оқушы жеңімпаз атанды.
I орын - Ерланов Мәди, Семей қаласындағы №6 МГ оқушысы;


II орын – Хусаинов Ільяс, Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы;


III орын:
1.Аманов Ануарбек – Семей қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицейінің оқушысы;
2.Тұмабай Абдулла – Семей қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицейінің оқушысы;
3.Саблин Николай - Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы.
Республикалық Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңіне Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңінің қорытындысына бойынша Шығыс Қазақстан облысынан құрамында 20 оқушысы бар команда ұсынылады. Іріктеу кезеңі 2 тур бойынша өткізіледі:
-1 тур – қашықтықтан;
-2 тур – шығармашылық (қашықтықтан өткізілетін уақытта эссе жазу). Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің ақтық турына тізім бекітіледі.


Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына, ұстаздарына және ата-аналарына табыс тілейміз!

Кесте 1. Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қашықтықтан өткізілетін турына қатысатын қатысушылар тізімі

Оқушыныңаты - жөні

Аудан\қала

Мектеп

1

Зубова Кристина

Өскемен қаласы

Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған №34 мектеп - лицей  

2

Мусинов Аслан

 

Өскемен қаласы

Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған №34 мектеп - лицей  

3

Саблин Николай

 

 

Өскемен қаласы

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп

4

Хусаинов Ільяс

 

 

Өскемен қаласы

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп

5

Набережный Никита

 

 

Өскемен қаласы

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп

6

Кавелькин Роман

 

 

Өскемен қаласы

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектеп

7

Сұлтанғазиев Әлішер

 

 

 

Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицей

8

Леонтьева Дарья

Зырянауданы

Мектеп-лицей

9

МолдашоваСалтанат

Көкпекті ауданы

Преображенск ОМ

10

Самихжанова Сабина

Көкпекті ауданы

Мектеп бала –бақша Октябрь кешені

11

ГазисовАйдос

Глубокое ауданы

Ы.Алтынсаринат. Глубокое ОМ

12

ЕрлановМади

Семейқаласы

№ 6МГ   

13

Аманов Ануарбек

Семейқаласы

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицей

14

Тумабай Абдулла

Семейқаласы

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицей

15

ИсинАзат

Семейқаласы

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-лицейі

16

Еремеев Кирилл

Өскемен қаласы

№11ШГ

17

АсқарАқжарқын

Өскемен қаласы

Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернат

18

Манжос Владислав

Өскемен қаласы

ДБА ҒЗДОО "Восток"

19

Циос Дмитрий

Өскемен қаласы

ДБА ҒЗДОО "Восток"

20

Безуглов Александр

Зырянауданы

№ 11 ОМ