Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласында «Жан жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді.
Көп және аз қамтылған отбасылардың балалары, мүгедек, жетім балалардан 20 бала, сонымен қатар олардың мұғалімдері, ата-аналары, қамқоршылары мейірімділік және жылулық «Жан жылуы» атты мерекенің қатысушылары болды. Оның мақсаты - қоғам назарын жетім балаларға, тұрмысы төмен және мүгедек балалардың мәселесіне көңілдерін аударту, оларға көмек жасау.
Осы күндері облысымыздың барлық жерлерінде осындай шаралар өткізілуде.
Ал осының басты ұйытқысы - аймақ әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев. Ол бірнеше жыл бұрын өз бастамасымен Шығыс Қазақстан облысында әртүрлі шаралар шеңберінде ауқымды, теңдессіз жетім балаларды қолдауға арналған «Мейірім» акциясын өткізді.
31 қазанда Өскемен қаласындағы №19 оқу мекемесіндегі ұйымдастырылған акцияға, осы білім қабырғасында оқитын көптеген аз қамтылған отбасылардан және мүгедек балалардан - дарындылар жиналды. Балалардың арасында оқу үздіктері, белсенділер, сайыс жүлдегерлері, әртүрлі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары болды. Солардың бірі Варшава қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып өткізілген халықаралық зияткерлік олимпиадасының қола жүлдегері Калинко Надежда да бар.
Қатысушылар балалардың оқудағы және қоғамдық өмірдегі еңбектерін айта келе ұйымдастырушылардың атына көптеген жылы лебіздер білдірді. Әр оқушыға «Дарын» орталығының атынан сыйлық табыс етілді (қысқы киімдер жиынтығы).
Балалардың ата-аналары, қамқоршылары осы акцияның өз уақытында өткендігін және теңдессіздігін айтып ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. «Бүгінгі күні мейірімділік пен адамгаершілікті таныту қандай маңызды! Үлкен, рахмет! Біз шын жүрегімізден білім басқармасы мен «Дарын» орталығына шексіз алғыс айтамыз», -деді қамқоршы Нина Витальевна Голубева. Мерекенің ең кішкентай қатысушысы, нөлінші сынып оқушысы Андрей Герасимовтың «Сіздерге рахмет!» деген сөзі ғана өткізілген акцияның үлкен де, шынайы алғысы болды.
Жетіспейтіндерге қолдау мен назар аудару үшін ерекше іс жасаудың қажеті де жоқ. Кей кездерде қарапайым адамгершілік пен достық қарым-қатынастың болуы жеткілікті. Бүгінгі көмек аалғандар ертең басқа жетіспейтіндерге қол ұшын береді. Сонда кішкене ғана мейірім тамшысы бүкіладамгершілік махаббатқа ұласады.