2013 жылдың 02 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы1-7-сынып оқушыларының республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
Шараның өткізілу мақсаты – балалардың ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылықтарын ояту жолымен ғылыми-зерттеу, интеллектуалдық шығармашылық әлеуеттерін және танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау, халықаралық конкурстарға қатысуға іріктеу және дайындау.
Облыстық кезеңге қалалық (аудандық) кезеңнің жеңімпаздарынан 159 оқушы шақырылды. Конкурс 8 бағыт бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, физика және техника, медицина және психология, тарих, өлкетану және этномәдениеттану, биология, химия және валеология, география және экология) өткізіледі.
Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына облыстағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ғалымдары (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ), ШҚО білім басқармасының қызметкерлері кіреді.
Конкурстың басталуы және қатысушыларды тіркеу 2013 жылдың 02 қарашасында 08.30-да Өскемен қаласы, Өтепов көшесі, 22/1 ғимаратында (Халықаралық «Нұрорда мектебі») болады.
Дарынды балаларға қолдау көрсетудегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін оқиғаны жарыққа шығаруға қызығушылық білдіретін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шараға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпараттар үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8/7232/70-02-44, 55-21-12 (ШҚ ӨҒПО «Дарын»).