+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Мәскеудегі «Ғылым фестивалі-2013»
18 Қаз, 08:41

2013 жылы 11 -13 қазанда Мәскеуде VIII Ғылым фестивалі өтті. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аумағы фестивальдің алаңына айналды. Университеттің жетекші факультеттерінің әзірлемелерін көру үшін, түрлі жобаларды тыңдауға, ХКС экипажымен тікелей эфирде байланысқа шығу үшін әр түрлі жастағы қатысушылар көп жиналды. Биыл сегізінші рет өткізіліп отырған  ғылым фестивалі ең қызықты, әрі адам көп жиналатын шара болды. Жиналған көпшілік робототехникадан археология және палеонтологияға дейін барлық ғылым салаларындағы жаңалықтармен танысты.  

Фестивальдің аясында оқушылар мен студенттер үшін ғылыми жарыс өткізілді. Шығыс Қазақстан облысынан Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Кадырбеков Ақан қатысты. Ақан математикадан жобасын сәтті қорғап, 2-жүлделі орынға ие болды. Ақанды жеңісімен құттықтап, келешекте зерттеушілік қабілеттерін дамытуда табыс тілейміз!