2013 жылдың 14-15 қазанында «Дарын» республикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасыжәне Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Семей қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» облыстық мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатымен бірлесіп "Мамандандырылған мектептер мен кадет корпустарында патриоттық тәрбие беруді жетілдірудің негізі мен әдістері және жолдары"атты халықаралық семинар-кеңес өткізді.
Семинардың мақсаты – жастардың бойында жаңа қазақстандық терең патриоттық сезім мен Отан алдындағы азаматтық міндетке адалдықты қалыптастыру.
Семинарға Астана, Алматы қалаларының, білім басқармаларының әдіскерлері мен мамандары, Қазақстан Республикасының мамандандырылған білім мекемелерінің, жалпы білім беретін мектептерінің басшылары, алғашқы әскери даярлық пәні мұғалімдерінен, сондай-ақ Ресей Федерациясының (Алтайөлкесі, Омбы, Барнаул) кадет мектептерінің өкілдерінен (жетекшілер мен кадеттер) 140 адам қатысты.
Пленарлық отырыс кезінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының білім беру мекемелерінде патриоттық білім берудің өзекті мәселелерін ашатын баяндамалар оқылды.
«Оқу процесінде инновациялық технологияларды қолдану» педагогикалық шеберханаларының аясында Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» облыстық мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының шығармашыл ұстаздарының кіріктірілген сабақ-жобалары арқылы (физика және АӘД; география және қазақ тілі; әскери істің негіздері және ИСТ және т.б.) тәжірибесі көрсетілді. Сондай-ақ мамандандырылған мектептер мен кадет корпустарының негізгі жұмыс бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының презентациясы өтті.
Дөңгелек үстел кезінде қазіргі заман жағдайында жастарға патриоттық тәрбие беру әдістері мен формалары туралы педагогикалық дискуссия ұйымдастырылды. «Жас ұлан» мектеп-лицей-интернаты мен Ресейдің кадет корпустарының басшылары арасында ынтымақтастық туралы Келісімдерге қол қойылып, қарар қабылданды.
Семинар-кеңеске қатысушылар Жеңіс саябағындағы салтанатты сап түзеуді тамашалап, Мәңгілік Алауға Даңқ гүл шоғырын қойды, Полковничий аралындағы Бейбітшілік Стелласына және «Өлімнен де күшті» мемориалды кешеніне гүл қою салтанатты рәсіміне, мектеп-лицейде Ұлы Отан соғысының қатысушысы, шығысқазақстандық батыр Құлмағамбет Утелбаевтың атаулы кабинетінің ашылуына қатысты. Қатысушылар үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдениет және әдеби-мемориалды қорық-мұражайына, әскери мұражайға, қала ішіне экскурсия және «Отаныма қызмет етемін!» мерекелік концерті, «Жас ұлан» лицейі ұландарының және Ресей кадет корпустары кадеттерінің қойылымдары көрсетілді.
Халықаралық семинар-кеңесті қорытындылай келе қатысушылар пікір алмасудың сындарлы сипатын, ашықтығын, теориялық және практикалық бағыттылығын атап өтті.