+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Ағылшын тілі және бастауыш сынып (қазақ және орыс тілінде білім беретін) мұғалімдеріне арналған «Педагогтың кәсіби құзіреттілігін дамыту білім беру сапасын бақылаудың құралы» атты республикалық семинарын өткізу туралы
16 Қаз, 06:26

«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы 2013 жылдың 4 - 8 қарашасында Астана қаласының дарынды балаларға арналған №48 мектеп-лицейінің базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарының ағылшын тілі және бастауыш сынып (қазақ және орыс тілінде білім беретін) мұғалімдеріне арналған «Педагогтың кәсіби құзіреттілігін дамыту білім беру сапасын бақылаудың құралы» атты республикалық оқу семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – педагогтардың дарынды балалармен жұмысқа даярлығын қалыптастыру және олардың кәсіби құзырлығын жетілдіру, мектептің оқу- тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізу.

Семинарға келу күні – 4 қараша, аяқталуы – 8 қараша сағат 18:00-ден кейін.

Семинарға қатысу туралы өтінімді (басшылықпен бекітілген) көрсетілген үлгі бойынша ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 2013 жылдың 18 қазанына дейін жіберуіңізді сұраймыз: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр /74 көшесі. Тел: 8 7232 701344, факс: 8 7232 552112.

Үлгі:

Қатысушының аты-жөні

Облысы, мектеп

Пәні, оқыту тілі

Өтілі, категория

Байланыс телефоны

Қонақ үйдің қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

Іссапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді (ұйымдастыру жарнасы – 15 000 теңге, бару-қайту жолы, тамақтануы, жатын орны).

Ұйымдастыру жарнасын мына есеп-шотқа жіберуге болады:

«Дарын» РҒПО РМҚМ

РНН  600900131236

БИН  990240007434

ИИК (IBAN) KZ566010111000021443 (бюджеттен тыс)

БИК HSBKKZKX

Астана аймақтық филиал №119900

«ҰлттықСберБанк» АҚ, Астана қ

КБЕ 16