«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2013 жылдың 4-8 қараша аралығында дарынды қыздарға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернат базасында (Алматы қ.) химия, биология пән мұғалімдері үшін «Дарынды оқушылармен жұмыстың жаңа технологиялары және оларды пән олимпиадаларына дайындау» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру: мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту, оқушыларды әр деңгейлі пән олимпиадаларына дайындаудың жүйесімен, олимпиадалық тапсырмаларды шешу тәсілдерімен таныстыру, кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.
Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kzсайтында берілген.
Келу күні – 3 қараша, аяқталуы – 8 қараша (түстен кейін).
Семинарға қатысу туралы сұранысты 2013 жылы 17 қазанға дейін төмендегі үлгі бойынша жіберу қажет:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні (құжат бойынша) |
Қала/ аудан, мектеп |
Пән |
Оқыту тілі |
Еңбек өтілі, санаты |
Байланыс телефоны |
Қонақ үй қажеттілігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Іссапар шығыны (ұйымдастыру жарнасы – 15000 тг., тамақтану және жатын орны – 4000 тг., (бір күнге), барып-қайту жолы) жіберуші білім мекемлерінің есебінен өтеледі.
Ұйымдастыру жарнасын мына есептеу шотына аудару қажет:
РГКП РНПЦ «Дарын»
РНН 600900131236
БИН 990240007434
ИИК (IBAN) KZ566010111000021443 (бюджеттен тыс)
БИК HSBKKZKX
Астана аймақтық филиал№119900
АО «ҚазақстанНарСбер Банк» Астанақ.
КБЕ16
E-mail: vk_daryn@mail.ru, факс8/7232/552112