+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық «Қазақстан-жаңа әлемде» конкурсын өткізу туралы
09 Қаз, 04:05

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізетіндігін хабарлайды.
Конкурсқа жас ерекшеліктеріне байланысты 6-10 және 11-17 жас аралықтарындағы сурет, қол өнерінен ерекше шығармашылық қабілетімен көрініп жүрген мектеп оқушылары қатыса алады.                 
Конкурстың негізгі бағыттары: кескіндеме, мүсін өнері, қолданбалы көркем өнер. Сайыс ережесі Shygysdaryny. kz сайтында жарияланған.
Конкурсқа әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден әр бағыт бойынша үздік 3 жұмысқа дейін қабылданады.
Ескерту: талапқа сай келмеген жұмыс қабылданбайды.
Сұраныс үлгісі:

Оқушының аты - жөні

Аудан/қала

Мектеп, сынып

Жасы

Шығармашылық жұмыстың атауы

Мекенжайы

Конкурсқа сұраныс пен жұмыстарды және орындалған жұмыстың электрондағы нұсқадағы фотосын 2013 жылдың 25 қазанына дейін төмендегі мекен – жайға жіберу қажет: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі 74 (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы).