2010 жылы 27 қарашада білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеп, қорытып, тарату мақсатымен Семей қаласының Шәкәрім атындағы №5 мектеп-гимназиясында «Көп тіл білетін дарынды тұлға қалыптастыру» атты облыстық семинар өткізді.
Облыстық семинарға (аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың жалпы білім беретін мектептердің директорлары, директорлардың орынбасарлары, мұғалімдер, Семей, Риддер қалаларынан, Аягөз, Бесқарағай, Глубокое, Жарма, Зайсан, Зырян, Көкпекті, Ұлан аудандарынан, Семей қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінен, дарынды балаларға арналған облыстық білім мекемелерінен, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатынан, Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» облыстық мамандандырылған ерлер мектеп-лицей интернатынан Семей қ. қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған №34 облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі, дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми зерттеу дамыта оқыту орталығынан 34 білім қызметкерлері қатысты.
Семинардың ашылу кезінде Шығыс Қазақстан өңірлік - ғылыми практикалық «Дарын» орталығының директоры Жанар Есімханқызы Қасымханова барлық қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі және де көп тіл білетін тұлға қалыптастырудағы жұмыс жүйелері туралы баяндама оқыды сондай-ақ, №5 мектеп - гимназияның директоры Алма Медетқызы Аубакирова қатысушыларды қонақжайлылықпен қарсы алып, семинардың бағдарламасымен таныстырып, өз сөзінде орталықтың жұмыс жүйесінде көп тілдік тұлғаны дамыту туралы атап өтті. Шара барысында семинар бағдарламасына сәйкес қатысушылар ашық сабақтарға кіріп, гимназия мұғалімдерінің «Жаңа білім парадигмалары» атты әдістемелік жұмыстары мен қатар әртүрлі интеллектуалдық жарыстар жеңімпаздарының республикалық, халықаралық деңгейдегі ғылыми жобалардың қысқаша баяндамалары тыңдалды.
Семинардың қорытындысын талқылау кезінде қатысушылар шараның өзектілігін, мазмұндылығын, жақсы деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Осы бағыттағы семинарлар болашақта да жүйелі түрде өткізіліп тұрсын деген тілектерін ұйымдастырушыларға жеткізді.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік суреттер тапсырылды.
