+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
G - GLOBAL - ғаламдық диалогтың жаңа форматы.
30 Қыр, 09:58

27 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында облыс әкімі Б. Сапарбаевтың қатысуымен жаңа ғаламдық диалогтық форматта «G - GLOBAL- ғаламдық диалогтың жаңа форматы» атты форумы өтті. Форумда қазіргі уақыттағы ғаламда тудырылатын мәселелерді шешу үшін қатысушылардың санын арттыруды және жаңа бірлестіктің форматы ұсынылды.

Форум аясында жас зерттеушілер жобаларының көрмелері болды. Қонақтар мен қатысушылар диалогтық көлемдегі Өскемен қаласындағы облыстық мамандырылған физика, математика, информатика саласындағы дарынды балаларға араналған мектептің 11 сынып оқушысы Атымханова Мадинананың "Создание динамической компьютерной модели по определению кратчайшего соединения точек на плоскости (задача Штейнера) в среде "Visual basic" 6.0 и графопостроителя "The Geometers Sketchpad"» және Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Қаматаева Аяужанның «Наноқұрылымды бентонит саздарымен ақаба суларды фенолдан тазалау», сонымен қатар Өскемен қаласындағы №3 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Еркинова Мадинаның «Математическое моделирование транспортных потоков города с учётом экологических требований» тақырыптарындағы жобаларына назар аударды.

Көрменің ең жас қатысушыларына Кирибаев Тимурдың «Программируемые роботы Lego», Өскемен қаласындағы облыстық мамандырылған физика, математика, информатика саласындағы дарынды балаларға араналған мектептің 5 сынып оқушысы  Данилов Глебтің «Электронные деньги ребёнка», облыстық мамандандырылған Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектептің 4 сынып оқушысы Умирова Аминаның «Желдің күші мен бағытын анықтау» тақырыптары бойынша алғашқы жобаларына шынайы қызығушылықтарымен мақтан тұтарлықтай сөздер айтылды.

         Форумның қонақтары аймақ үшін оқушылардың зерттеулерінің қажеттілігі және оның тәжірибелік маңыздылығын атап айтты.