+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Құрметті педагогтар, оқу-ағарту ісінің ардагерлері!
27 Қыр, 04:45

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұжымы сіздерді шын жүректен Халықаралық Ұстаздар күнімен құттықтайды!

Бұл мейрам әрқашан бәріміз үшін жылы, шуақты мерекелердің бірі, өйткені мектепте адамгершілік пен мейірімділіктің, Отансүйгіштік пен патриоттық сезімдердің алғашқы сабақтарын алып, білім әлеміндегі алғашқы жаңалықтарды аштық.

Қазіргі уақытта мұғалім мамандығы – стратегиялық жағынан өте маңыздылардың бірі. Күн сайын сіздер білім беру ісіне асқан құлшыныспен, мақсатшылдықпен кірісіп, үнемі үзденіс үстінде болып, жұмыста шығармашылықпен ең үздік тәжірибелерді зерделеп, енгізудесіздер. Қазақстанның болашақ интеллектуалды және шығармашылық элитасы – жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуді қоғам сіздерге сеніп тапсырып отыр.

Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен даналық, шыдамдылық қасиеттеріңіз үшін және балаларға, мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Сіздерге жаңа жарқын жетістіктер мен береке-бірлік, мықты денсаулық және бақыт тілейміз. Сіздердің дарынды оқушыларыңыздың табыстары мен жетістіктері еңбектеріңіздің жемісі болсын!

ШҚ ӨҒПО «Дарын»