+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Тарихи – өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің формалары мен әдістері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізу туралы
26 Қыр, 08:38

«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы 2013 жылдың 6-8 қараша аралығында Н. Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернаты базасында (ОҚО, Түркістан қ.) тарих, география пәндері мұғалімдері үшін қазақ тілінде «Тарихи – өлкетану іс-әрекеттері арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің формалары мен әдістері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.

Семинардың мақсаты – дарынды балалардың өз елін, туған жерін сүйетін ұлтжанды, патриоттық-интернационалдық сезімдерін қалыптастыруда тарих, география пәндерін оқытудың барысы мен келешегі туралы тәжірибе алмасу.

Семинарды өткізу туралы ақпарат www.daryn.kzсайтында берілген.

Келу күні - 5 қараша, қайту күні – 9 қараша.

Семинарға қатысу туралы сұранысты 2013 жыы 14 қазанға дейін төмендегі үлгі бойынша жіберу қажет:

Аты-жөні

Қала/аудан

Мектеп

Қызметі

Байланыс телефоны

Қонақ үй

қажеттілігі

 

 

 

 

 

 

 

Іссапар шығыны (барып-қайту жолы, жатын орны, тамақтану) жіберуші білім мекемелерінің есебінен өтеледі.

E-mail: vk_daryn@mail.ru, факс8/7232/552112.