+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Дарын» РҒПО Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізу туралы
26 Қыр, 08:35

«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2013 жылғы 17-і мен 18-і қазан (сағат 08:00 мен 21:00) аралығында «Дарын» РҒПО Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.

Олимпиада www.cdo.kz сайтында өткізіледі.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Олимпиаданы өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.

Олимпиада жайлы толық мағлұматты: 8 (7182) 65-29-77,    

8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы білуге болады.