ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында «Дарын» РҒПО Кубогына 2013-2014 оқу жылында жаңа жоба – қашықтықтан командалық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізітіндігі жайлы хабарлайды.
Олимпиадаға бір оқу мекемесінен 7 -11 сынып аралығындағы 10 оқушы қатыса алады.
Командалық олимпиада тапсырмалары математика, иформатика, қазақ және орыс тілі пәндерінен, логика, қазақ халық этнографиясы саласы бойынша 10 сұрақтан тұрады.
Олимпиадаға қатысу және тіркелу www.cdo.kz. сайтында өткізіледі.
Команданың олимпиадаға қатысу құны – 2000 теңгені құрайды.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады..
Олимпиаданы өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz. сайттарында жарияланады.
Олимпиада жайлы толық мағлұматты мына телефондары арқылы білуіңізге болады
Тел. 8(7182) 65-29-77 ,
Сот. 8(777) 403-93-51.