+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
География және этнография бойынша республикалық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы
23 Қыр, 07:21

ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының  «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында РҒПО «Дарын» Кубогына география және этнография пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиадаларын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізітіндігі жайлы хабарлайды.

Қашықтық пәндік олимпиадалар 2 кезеңде өтеді:

1 кезең: 2013 жылғы 7-і мен  23- і қазан аралығында.

1 кезең қорытындысы: 2013 жылғы 25 қазанда (екінші кезеңге өткен қатысушылар анықталады).

2 кезең: 2013 жылғы 29 қазанда (өткен қатысушылар үшін қатысу тегін).

Олимпиадаға тіркелу  www.cdo.kzсайтында өткізіледі.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері РҒПО «Дарын» І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Олимпиадада 4 пәннен «Күз-қыс» мезгілі қорытындысы бойынша ең жоғарғы ұпай жинаған оқушылар бағалы сыйлықтармен (ноутбуктер, фотоаппараттар, флешкалар,  және т.б.) марапатталады.

Олимпиаданы өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz  және  www.cdo.kz. сайттарында жарияланады.

Олимпиада жайлы толық мағлұматты 8(7182) 65-29-77 , 8(777) 403-93-51 телефондары арқылы және және  www.cdo.kz. сайтында хабарлама жазу арқылы   білуіңізге болады.