+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ҚР жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілген республикалық Махамбет оқуларының қорытындысы
19 Қыр, 06:17

2013 жылдың 17-19 қыркүйегі аралығында Атырау облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында IV республикалық Махамбет оқулары өтті.

Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізілді.   

- «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы;

- «Ұлы арман» - Махамбеттің күйлерін орындаушылар конкурсы;

- «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас дарындар конкурсы (өз туындыларын: өлең, ән, музыкалық шығарма орындау).

Конкурс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан қатысқан  үш қатысушының екеуі жүлделі орынға ие болды:

3 орын - «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» номинациясы бойынша Зайсан ауданындағы Қаратал орта мектебінің 10 сынып оқушысы Закенов Қуандық;

2 орын - «Ұлы арман» номинациясы бойынша Бесқарағай ауданындағы Үлкен-Владимировка орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қазкенов Дастан.

Жүлдегерлерді жеңіспен құттықтаймыз! Қатысушылар және олардың ұстаздары мен ата-аналарына келешекте табыстар тілейміз!