ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы оқушыларды зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми-зерттеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің басшылары мен облыстық мамандандырылған мектептердің директорылары:
1)2013 жылы 30 қыркүйекке дейін Конкурстың мектепішіліккезеңін өткізу;
2)2013 жылы 14-18 қазаны аралығында Конкурстың аудандық/ қалалық кезеңін өткізу;
3)Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына 2013жылдың қазанның 21 дейін басшысының (директорыдың) қолымен, мекеме мөрімен бекітілген есепті (үлгі қоса берілген), қатысушылардың жұмыстарын (қағаз және электронды нұсқаларында) беру қажет.
Әрбір ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен облыстық кезеңінің іріктеу айналымына әрбір секция бойынша 3 үздік жұмыстан жіберіледі.
Зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптарды www.shygysdaryny.kz. сайтындағы Конкурсты өткізу ережесінде алуға болады. Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар эксперттік комиссия мүшелерімен қарастырылмайды.