+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садуақасов Кубогінің Республикалық шахмат турниріне қатысу
29 Қар, 10:32

31 қазан 10 қараша аралығында Астана қаласында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы гроссмейстер Дәрмен Садуақасов Кубогінің Республикалық шахмат турнирін өткізді.cut

Турнирдің мақсаты: облысымыздың дарынды оқушыларының жоғары деңгейдегі интеллектуалдық шахмат ойынына деген қабілеттерін айқындап, оларға қолдау көрсету.

Команда құрамында Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Абай ауданы, Қарауыл МГ 3-сынып оқушысы Назымқызы Нұрайым, Өскемен қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 6- сынып оқушысы Кагарманов Максим, Семей қаласы, №19 ОМ 8 – сынып оқушысы Канирова Рауза, Тарбағатай ауданы, Ш.Уәлиханов ат. ОМ 8 – сынып оқушысыБегалиева Айым, Өскемен қаласы Жамбыл ат.ДБА ОММГИ 9 – сынып оқушысы Қамбаров Еркебұлан болды.

Турнирдің қорытындысы бойынша  Бегалиева Айым халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садуақасовтың арнайы силығымен марапатталып, барлық қатысушыларға арнайы фирмалық футболкалар мен «Шахмат Ақыл - ой» журналдары берілді.