«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты педагогтарды анықтау және оларды қолдау, ынталандыру, мұғалімдердің іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында 2013 жылғы 25-і мен 26-ы қыркүйек (сағат 08:00 мен 21:00) аралығында «Дарын» РҒПО Кубогына «Қазақстан тарихы» мен«Дүниежүзі тарихы» пәндері мұғалімдеріне республикалық қашықтық олимпиадаларын өткізеді.
Олимпиада www.cdo.kz сайтында өткізіледі.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Олимпиаданы өткізу уақыты және тіркелу, қатысу шарттары туралы ақпарат www.daryn.kz және www.cdo.kz сайттарында жарияланады.
Олимпиада жайлы толық мағлұматты: 8 (7182) 65-29-77, 8 (777) 403-93-51 телефондары арқылы білуге болады.