+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
04 Қыр, 09:37

 

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында жыл сайын 1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың республикалық «Зерде» конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) өткізіледі.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының 2013-2014 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23-27 қыркүйегі аралығында аудандық/ қалалық кезеңін өткізу ұсынылады.

2013 жылы қыркүйектің 30 күні  ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына аудандық /  қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша есеп беру қажет (үлгі қоса берілген). Конкурстың облыстық кезеңін 2013 жылдың қазан айында өткізу жоспарланып отыр. 

Әрбір ауданнан (қаладан) облыстық кезеңге әрбір секция бойынша 2 үздік жұмыс жіберіледі (1-4 сынып арасында 1 жұмыс, 5-7 сынып арасында 1 жұмыс).

Конкурсқа жіберілген жұмыстарға түсіндірме берілмейді және олар қайтарылмайды.

Жобаларды қорғау келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

- қазақ тілі мен әдебиеті;

- орыс тілі мен әдебиеті;

- математика, информатика;

- физика, техника;

- медицина, психология;

- тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

- биология, химия, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау;

- география, экология.

Зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптарды Конкурсты өткізу ережесінде www.shygysdaryny.kz. сайтынан алуға болады.  

Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар эксперттік комиссия мүшелерімен қарастырылмайды.