2013 жылы 18 қыркүйекте 2-11 сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәнінен облыстық интеллектуалдық «Айналайын» сайысының өтетіні туралы хабарлаймыз.
Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- дарынды балаларды анықтау, қолдау;
- оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыру;
- табысқа жетуді уәждеу.
Конкурс жеңімпаздары грамоталармен марапатталады және республикалық оқу-сауықтыру «Балдәурен» және облыстық дарынды балаларга арналган жыл бойы жұмыс атқаратын оқу-сауықтыру лагерлеріне жолдама беріледі.
Осы конкурсқа қатысу туралы сұраныс ұйымдастыру комитетіне ағымдағы жылдың 13 қыркүйегіне дейін жіберілуі тиіс. Конкурстың ережесі www.shygysdaryny.kz сайтына енгізілген.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Өскемен қ., Қабанбай 16/1, телефон 8 (7232)-700-244, телефон-факс - 8 (7232) 55-21-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru