+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Монғол Халық Республикасының Баян-Өлгей аймағынан келген делегация мүшелерімен болған кездесу қорытындысы
03 Қыр, 03:43

2013 жылы 27 тамыз күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығында Баян-Өлгей аймағынан Өскемен қаласына ресми іс-сапармен келген делегация мүшелерімен кездесу өтті. Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге, құрамында:

- «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры, п.ғ.к Ж.Ж Айтпаева;

- Баян-Өлгей аймақтық әкімі іс басқармасының әлеуметтік даму  бөлімінің бастығы Е.Сәрсенбек;

- Аймақ әкімі іс басқармасының баспасөз–ақпарат қызметкері Ө. Нұрболат;

- Баян-Өлгей аймақтық Қазақ ұлттық театрының директоры Т.Ермек;  

- Аймақтық Қазақ ұлттық театрының музыканты Б.Аяған қатысты.

 «Дарын» орталығында өткен кездесудің мақсаты:

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, ұстаздар арасында іс-тәжірибе алмастыру, Баян-Өлгей аймағының оқушыларын болашақта біздің елде мамандандырылған мектептерде оқыту, облыста өткізілетін олимпиадаларға, сайыстарға қатыстыру.

Кездесу барысында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесімен таныса отырып, болашақта екі елде дарынды балалармен, ұстаздармен жүргізілетін жұмыс түрлері туралы пікір алмасу болды.

Кездесу соңында тараптар бір-бірімен сыйлықтармен алмасты. «Дарын» орталығы келген қонақтарға әдеби кітаптар мен электронды әдістемелік құралдарды сыйлады.

2013 жылы 27 тамыз күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығында Баян-Өлгей аймағынан Өскемен қаласына ресми іс-сапармен келген делегация мүшелерімен кездесу өтті. Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуге, құрамында:

- «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры, п.ғ.к.  Ж.Ж. Айтпаева;

- Баян-Өлгей аймақтық әкімі іс басқармасының әлеуметтік даму  бөлімінің бастығы Е.Сәрсенбек;

- Аймақ әкімі іс басқармасының баспасөз – ақпарат қызметкері Ө. Нұрболат;

- Баян-Өлгей аймақтық Қазақ ұлттық театрының директоры Т.Ермек;  

- Аймақтық Қазақ ұлттық театрының музыканты Б. Аяған қатысты.