Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 6-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары арасында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты республикалық балалар сурет конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты:
- сурет өнеріндегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту.
-.балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру;
- туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу;
- отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Конкурс төмендегідей бағыттарда өткізілді:
1) кескіндеме;
2) мүсін өнері;
3) қолданбалы көркем өнер.
Республикалық кезеңге Өскемен, Риддер қалаларынан және Зайсан, Шемонаиха аудандарынан 8 үздік жұмыстар жіберілді.
Қазылар алқасы конкурсқа қатысқан жұмыстардың әртүрлі техникада орындалғандығын атап өтті.
Конкурстың қорытындысы бойынша:
- ІІ дәрежелі диплом - Бондарь Дарья, Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы, Өмірбекқызы Зейін, Зайсан ауданы Айнабұлақ орта мектебінің оқушысы;
- ІІІ дәрежелі диплом - Смыкова Алена, Риддер қаласы мектеп-интернат оқушысы, Шәріпхан Дарын, Күршім ауданы Бірлік орта мектебінің оқушысы.
Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!