+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Экологиядан оқушылардың V Республикалық олимпиадасы
27 Қар, 10:22

Семей мемлекеттік педагогикалық институының (СМПИ) экология және география кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен бірге  экология пәнінен республиканың жалпы білім беретін  мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында 2011 жылы 22-24 сәуірде  кезекті мерейтойлы V Республикалық оқушылар олимпиадасын өткізеді. cut

Олимпиада қазақ  және орыс тілдерінде төрт айналым бойынша өтеді:

1 алғашқы айналым  – мұғалімнің басшылығымен жеке ғылыми жоба даярлап және жазу мектепте жүзеге асырылады. Жобалар 2011 ж. 15 наурызға дейін конкурсқа бағалауға жіберіледі. Мекен жайы: 071410, Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі 1-үй, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, экология және география кафедрасы.  Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар қаралмайды. Жобаларына алдын ала сараптама жүргізілген оқушылар олимпиадаға шақырылады.

2-4 айналым  олимпиада жүргізу үрдісінде өтеді.

2- айналым -  теориялық (тестілеу);

3-айналым -  практикалық;

4-айналымолимпиаданың алғашқы үш айналымының нәтижесінде жоғарғы ұпай алған оқушылар өздерінің экологиялық жобаларын қорғайды.

Осыған байланысты іріктеу кезеңін өткізіп және әр қаладан (ауданнан) жеңімпаздардың жұмысын  республикалық кезеңге қатысуға жіберу қажет.

Олимпиадаға қатысуға өтінімдер 2011 жылдың 15 қаңтарына  дейін мына мекен-жай бойынша: Семей қаласы, Тәңібергенов көшесі, 1-үйде немесе 8/7222/ 64-37-58 тел/факсы арқылы (Семей мемлекеттік педагогикалық институты, экология және география кафедрасы) қабылданады.  

Іссапар шығындары (жол ақысы, тамақтануы және тұратын орны) іссапарға бағыттаушы жақтың есебінен төленеді. 

Олимпиадаға қатысушылардың келу күні - 2011 жылдың 22 сәуірі, қайту күні - 24 сәуір, сағат 17.00-ден кейін. 

Өтінім түрі:  

Қатысушының А.Т.Ж.

Облыс, аудан/қала

Мектеп, сынып

Оқу тілі

МұғалімніңА.Т.Ж.

Мекен-жайы, телефон,  e-mail

 

2011 жылы 22-24 сәуірде экология пәнінен өтетін V  Республикалық мектеп оқушыларының олимпиадасы туралы ЕРЕЖЕ                            

Олимпиада – республика аймақтарындағы экологиялық білім жағдайының мониторинг құралы, мектеп білімінің маңыздылығын, оның тұрақты дамуын жетілдіруді қалыптастыратын құрал.

    Олимпиада мақсаты: оқушыларды табиғатқа деген терең патриоттық сезімге тәрбиелеу, экологиялық білімді насихаттау және оқушылардың ғылыми қызығушылығын, әлеуметтік белсенділігін дамыту.

Олимпиада қатысушылары :

V Республикалық оқушылардың экологиялық олимпиадасы ҚР облыстары мен қалаларының Білім департаменттерінің 9, 10,11- сынып оқушылары үшін жыл бойы өткізілген олимпиадалар циклін аяқтайды. Республикалық олимпиадаға іріктеу турының жеңімпаздары жіберіледі.

  Олимпиадаға қатысуға ұйымдастыру комитетінің талаптарына сай келетін, шығармашылық жұмыстарын жеке экологиялық жоба түрінде ұсынған оқушылар қатыса алады. (қосымша қ.)

Олимпиаданы қаржыландыру:

      Семей мемлекеттік педагогикалық институты қаржыландырады:

  1. ақпараттық хаттарды тарату, көшірмелер жасау шығындары, олимпиаданы өткізу ережесі және тәртібі;
  2. олимпиада айналымын өткізу үшін тапсырмалар мәтіндерін дайындау шығындары;
  3. дипломдарды, мақтау грамоталарын, алғысхаттарды жасату;
  4. кездесулер ұйымдастыру;

   Олимпиадаға қатысушылар мен оларды әкелетін адамдардың жол жүру, жататын орын, тамақтану шығындары жіберуші жақ есебінен (аудандық, облыстық департаменттер, мектеп басшылары, ата-аналар).

Олимпиаданы қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау.

Олимпиада жеңімпаздары 4 айналымның қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинағандар бола алады және олар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, республикалық, өңірлік, қалалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығының, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының I,II,III-дәрежелі дипломдарымен марапатталады. 

Олимпиаданы өткізу тәртібі

 Олимпиада 4 айналым бойынша өткізіледі.

.1- айналым - алдын ала олимпиадаға ары қарай қатысу үшін экологиялық жобаларын іріктеп алып, дайындалған зерттеу жұмыстарына кафедраның сол салаға сәйкес мамандары пікір жазады.

Дайындалған жобаларды қабылдау

 2011 жылдың 15 наурызына дейін                                                                            

 Мекен-жайы: 071410Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Тәңірбергенов көшесі 1, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, экология және география кафедрасы, тел. (8-7222) 42-29-37, 42-49-41, 64 -37-58, 52-38-15 (Панин М.С, б.ғ.д.,профессор) е –mail pur@sgpi.kz

Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар қаралмайды.

 

Шығармашылық жұмыстарды бағалау өлшемдері:

1.     Тақырыптың өзектілігі және таңдауының негізділігі.

2.     Тәжірибелік құндылығы.

3.     Қолдану әдістемелерінің дұрыс алынуы.

4.     Нәтижелерінің объективтілігі.

5.     Орындалған зерттеудің толықтығы мен сапасы немесе әдеби талдауы.

6.     Қорытындыларының дәлелділігі.

7.     Ерекшелігі.

8.     Өзіндік еркіндік дәрежесі.

9.     Күрделілігі.

10. Безендіру сапалылығы: жұмыс құрылымы, қосымшалары

( * - тек зерттеу жұмыстарына)

 2 – айналым – теориялық (бетпе- бет)«Эрудит» - Семей мемлекеттік педагогикалық институтында тест түрінде өткізіледі (экология және география кафедрасы).

Олимпиадаға қатысушылардың білімдері экология негіздері бойынша тестілеу әдісімен өткізіледі. Тестілеудің жоғары бағасы орындалған тест сұрақтарының санына байланысты. Жас ерекшеліктеріне байланысты 9,10,11 – сынып оқушыларына жеке тест беріледі. Тест сұрақтарының 60 % - ы базалық білім деңгейі негізінде (ботаника, зоология, жалпы биологиядан) және 40 %- ы биологиялық және қолданбалы экология және тұрақты даму мәселелері бойынша тапсырмаларды орындауға 9 – сыныпқа 40 мин, 10 – сыныпқа 60 мин, 11 – сыныпқа 90 мин беріледі. Олимпиадаға қатысушылар тест жауаптарын (дөңгелектеу, +,   белгілерінің біреуімен белгілейді), егер қатысушы жауапқа түзету жасаса, онда қате белгілегенін сызып тастап, дұрысын белгілеуі керек. Олимпиаданың тест тапсырмаларын қазылар алқасының мүшесі жинап алады. Теориялық кезең аяқталғаннан кейін тест тапсырмаларының дұрыс дайындалғандығы тест жауаптары бланкілеріне сәйкес тексеріледі.

   3 – айналым - практикалық“ Дұрыс шешімін тап ”– ептілікке және жалпы дамуға , экология пәнінен мына бағыттар бойынша  тапсырмалар:

- ғаламдық экология және тұрақты даму;

- жалпы экология (өмір сұру үшін күрес және оның формалары), қоректік тізбектер (негізгі топтарына сипаттама және олардың таксондарын анықтау), экологиялық сукцессия (түрлері, үрдістерді модельдеу), популяциясы (құрылымы, популяция динамикасы), биоценоз экологиялық жүйе (олардың морфологиялық белгілеріне байланысты тірі организмдердің мекендеу орнын анықтау), экологиялық пирамидалар (пирамидалардың құрылысы) және т.б;

- Қазақстан Республикасы экологиясы;

- топырақтың, өсімдіктердің, жануарлардың экологиясы.

4 – айналым – экологиялық жобаны қорғау бетпе – бет өткізіледі. Олимпиадаға қатысушылардың үш турда  жоғары ұпай жинағандары қатысады (қорғау ұзақтығы 5 минуттан 7 минутқа дейін). Ұсынылған материалды меңгеруі, оны мазмұндау стилі, тақырыпты ақпараттық жағынан терең жеткізуді және зерттеген мәселесі бойынша оқу және ғылыми әдебиеттерін пайдалануы, жоба бойынша қазылар алқасының қойған сұрақтарына нақты жауап беруі және экологиялық білім сапасы бойынша қорғайтын жобасына сәйкес  қойылатын сұрақтарға берген жауаптары бағаланады.

 

   Жобаны жасау мазмұнына қойылатын талаптар

   Жоба объективті бағалануы үшін бірыңғай түрде жасалады.

  1. Жұмыстың негізгі мазмұны компьютерде теріліп А4 форматына әдебиеттер тізімін қосқанда 20 беттен аспайтындай жазылуы қажет. Қосымша бөлек тігіледі.

  2. Жобаның сыртқы беті берілген үлгі бойынша жасалуы керек (үлгіні қараңыз)

  3. Жобада келесі бөлімдер ұсынылуы қажет:

-          кіріспе, онда қарастырылатын мәселенің өзектілігі көрсетіледі;

-          қойылған мәселені шешу үшін біреудің бұрын орындаған жұмысына талдау жасау;

-          жұмыстың орындалған жері, уақыты, егер жұмыс ұжым болып орындалса, оны көрсету;

-          қолданылған әдістемеге қысқаша түсінік беріп оның авторларына міндетті түрде сілтеме жасау;

-          жүйеленген қорытындысының статистикалық жағынан есептелген зерттеулердің нәтижелері, оларды талқылау;

-          жұмыс бойынша негізгі қорытынды;

-          жобаның негізін нақты пайдалану (енгізу);

-          пайдаланылған әдебиеттер;

-          қосымша: фотографиялар, схемалар, сызбалар, кестелер, статистикалық есептеулер, табиғи объектілер, видеофильмдер, жұмыстарды тексеру барысында олардың экологиялығы, яғни, оларды субъективті және объективті қатынаста бағалау және субьект ретінде тірі жүйе, ал объект ретінде оған әсер  ететін қоршаған орта, сонымен қоса тірі жүйелер қатысады. Осыдан ескерілетіні – экология  - тірі ағзалар жүйесі туралы ғылым екендігі.

Стендті жасауға қойылатын талаптар

-          стендті мүмкіншілігінше А-1 форматында жасау;

-          егер бірнеше стенд ұсынылатын болса, онда біреуінде жұмыстың атауы және оның мақсаты

көрсетілуі тиіс;

-          барлық стендтер (стендтегі суреттер) нөмірленуі және атауы болуы тиіс;

-          барлық жазулары баспа шрифтімен қара, көк немесе жасыл түспен орындалуы тиіс, стендтегі берілгендер анық және 5-6 метр жерден көрінетін болуы керек;

-          графиктер, диаграммалар, кестелер 3 түрлі түстен артық түспен берілмеуі тиіс;

-          стендті бекіту (скотч, рейка, кнопка) қарастырылуы қажет.