+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы педагогтарының 2013 жылғы республикалық педагогикалық тамыз кеңесіне қатысуы туралы
15 Там, 04:55

2013 жылы 9-10 тамызда дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп педагогтары Алматы қаласында «Алатау» шипажайында өткен дарынды балаларға арналған білім мекемелері қызметкерлерінің республикалық педагогикалық тамыз кеңесіне қатысып қайтты. 

Шараның мақсаты – педагогтардың шығармашылық ізденісін белсендіру, дарынды балаларға білім беру сапасын арттыру мен мазмұнын жетілдіру бойынша жағдайлар жасауда басым бағыттарды анықтау.

Республикалық тамыз кеңесіне Шығыс Қазақстан облысынан 17 білім қызметкері (облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары, директорлардың орынбасарлары, пән мұғалімдері, психологтар, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын»  орталығының қызметкерлері) қатысты.

Педагогтар пленарлық отырыста, шығармашылық шеберханалардағы пікірталастарда баяндамалар оқыды. Оның қорытындысы бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен:

- Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия директоры М.З. Иксанов;

- Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия  мұғалімі Ж.С. Әділбекова;

- математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей мұғалімі А.В. Буланова марапатталды.

Тамыз кеңесіне қатысушылар мен қонақтар үшін ұйымдастырылған оқу-әдістемелік құралдар мен инновациялық және шығармашылық әзірлемелердің, әдістемелік құралдардың, электронды оқулықтардың көрмесі аясында өңірлер дарынды балалармен жұмыс жүйесін көрсететін портфолио ұсынды.   

Көрме қорытындысы бойынша материалдары өзектілігі мен мазмұндылығымен, жаңашылдығымен ерекшеленген бірқатар облыстар атап өтілді. Олардың қатарында – «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Үздік көрме әзірлегені үшін» алғыс хатпен марапатталған Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы бар.