+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шуақты Испаниядан медаль жаудырды
05 Там, 07:57

Шуақты Испаниядан Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебінің балалары - жас балериналар үш алтын, төрт күміс, төрт қола жүлде алып келді. Татарстанның өнер қайраткері Камилия Исмаилованың жетекшілігімен балет мектебінің бишілері «Теңіз, күн, фестиваль!» атты халықаралық конкурста Қазақстанның намысын қорғады. Конкурс Жерорта теңізінің жағалауындағы Испанияның Ллорет де Мар қаласында өтті.

Жерорта теңізінің жағалауында 4 мыңға жуық жас әншілер, бишілер, музыканттар жиналды. Фестивальға ТМД елдерінен 70-ке жуық би ұжымдары қатысты.

Жеке партиядағы классикалық балетті, жұптық және жаппай би қойылымдарын орындай отырып, Қазақстан намысын 22 жас балерина қорғады. Бірінші орынды «Вальс цветов» деген би қойылымы мен қазақ халық биі алды.

Классикалық вариациядағы «Капелия» балетін билеп, сольдық бағдарламада Яна Решки бірінші дәрежелі лауреат атанды. Қазақстан делегациясының 6 жасар ең кішкентай қатысушысы Анелия Безрукова шығыс биін билеп, екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал Валерия Каткова қазақ биі «Аққуды» билеп, екінші дәрежелі лауреат атанды. «Алекида» классикалық вариацияны орындап, Виолетта Костенко екінші орынды алды. Сольдық биді Александра Лизунсян билеп, онымен бірге дуэт болып Камилия Дамагова «Пицекатто» вариациясын биледі. Екеуі екінші орын алды. Ал Любовь Кнор орыстың халық биі «Валенкиді» билеп, үшінші орынға ие болды. Ұйғыр биімен Камила Тулеугалиева халықаралық конкурстың әділқазыларының сараптамасына түсіп, үшінші орынды иеленді. Диана Сабиева «Аққу көлі» балетіндегі вариацияны орындап және Инкар Мухамеджанатовамен дуэт болып, «Щелкунчик» балетінен «Қытай қуыршағы» вариациясын биледі. Олар үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бұл балет мектебінің алғашқы жеңістері ғана емес. Атақты фестивальдар мен конкурстардан Гран-при және бірінші орындарды Франция, Швейцария, Финляндия, Италия, Болгария, Латвия, Түркия, Ресей және Қазақстан елдерінде жеңіп алған.