+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Оқушылардың халықаралық өнер фестиваліне қатысу қорытындысы
02 Там, 08:04

 

2013 жылы 24-31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өткен халықаралық өнер фестиваліне қатысып қайтты. Қазақстан Республикасының командасы бірнеше бағыттарда өнер көрсетті:

- заманауи бидің облыстық, республикалық конкурстарының жүлдегерлері, чер-лидерлер конкурсының, жастардың Дельфий ойындарының, Испанияда өткен "Коста Барселона" халықаралық би конкурсының гран-при иегері, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен бірнеше шараларға қатысушы  үлгілі, көркемөнер ұжымы «ФЛЭШ» тобы би өнерін ұсынды;

- суреттер көрмесіне республикалық, халықаралық суреттер көрмесінің жүлдегерлері - облыстың дарынды оқушыларының жұмыстары қойылды.  

Халықаралық фестивальға  Корея, Қытай, Жапония, Ресей, Таиланд, Монғолия, Израиль, Испания, Алжирден 400-ден астам адам қатысты.

Қазақстандық оқушылардың өнері мен олардың шығармашылық жұмыстары ұйымдастырушылар мен қонақтардың, басқа елден келген қатысушылардың асқан қызығушылығын туғызды. Фестивальдің жабылу салтанатынлда тартымды жарқын орындаулар мен кәсіби шеберліктері үшін алғыс айтылды.

Халықаралық фестивальдің қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасына естелік кубок пен сертификаттар табыс етілді.

Балалар үшін экскурсия, мұражайлар мен мәдениет пен өнер орталықтарын аралау, корей халық музыкалық қойылымдарын тамашалау және т.б. қызықты танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.