+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО оқушыларының Республикалық бейіндік ауысымдарға қатысуы туралы.
05 Шіл, 06:41

    2013 жылдың 19 - 30 маусымы аралығында Байқоңыр қаласындағы академик В.Н. Челомей атындағы Халықаралық ғарыштық мектептің базасында аэроғарыштық бейіндік ауысымы өтті. Ғарыштық бейіндік ауысымның мақсаты: ақпараттық және ғарыштық бағыттағы ғылым саласында дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын арттыру, отандық және дүниежүзілік ғарыштық жетістіктерді насихаттау болды. Шығыс Қазақстан облысы командасының құрамында 2 оқушы: Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 9-сынып оқушысы Адил Кабдыгазинов; Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аслан Асхатов болды. Ғарыштық бейіндік ауысымның бағдарламасы бойынша қатысушылар «Байқоңыр» ғарышалаңына, «Протон-Байтерек», «Зенит», «Сатурн» ракета-ғарыштық кешендеріне саяхатқа барды. «Байқоңыр» ғарышалаңының зерттеу нысанында оқу-танымдық сабақтар, жұлдызды аспан мен планеталарға астрономиялық зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар, халықаралық ғарыштық мектептің атақты мамандарынан қатысушылар ғарыштық ғылыми зерттеулер жұмысына байланысты әртүрлі тақырыптарды зерттеуге кеңес алды. 2013 жылдың 24-29 маусымы аралығында Астана қаласында 9-сынып оқушылары үшін математикадан «Интеллект» және 8-сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен «Зияткерлер» атты бейіндік ауысымдары өтті. Бейіндік ауысымдардың мақсаты: оқушылардың математикадан және ағылшын тілі пәндерінен білімдерін тереңдетулеріне қажетті жағдай жасау, рухани құндылықтарын, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, әсем қала - Астанамен таныстыру болды. «Зияткерлер» атты бейіндік ауысымына 9 оқушы: Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 8-сынып оқушылары: Мөлдір Айманова, Назик Акан, Сабина Қасым, Айфара Мұрат, Ақжан Мұхаметжанова, Аделя Макышева, Бекзат Саматов, Қуаныш Ақшайықов; Шемонаиха ауданы Барашев негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Насихат Мухамбетова қатысты. «Интеллект» атты бейіндік ауысымына 4 оқушы: .Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің 9 - сынып оқушылары: Зауреш Ақылғалиева, Арайлым Сагидоллаева; Үржар ауданының Қаракөл орта мектеп-балабақшасының 9 - сынып оқушысы Еламан Әбіл; Өскемен қаласының №19 орта мектеп-кешенінің 9-сынып оқушысы Айдана Жаканбаева қатысты. Қорытындылай келе «Интеллект» бейіндік аусымынан Қуаныш Ақшайықов, «Зияткерлер» бейіндік ауысымынан Арайлым Сагидоллаева – 3-ші дәрежелі диплом алды. 2013 жылдың 1 - 4 шілдесі аралығында Астана қаласында 7, 8, 9 сынып оқушылары үшін «Дарын жұлдыздары» мәдени - танымдық бейіндік ауысымы өтті. Мәдени-танымдық аусымның мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, рухани құндылықтарын, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, әсем Астана қаласымен таныстыру болды. Бейіндік ауысымға Шығыс Қазақстан облысынан қалалық және аудандық мектептерден 17 оқушы: Глубокое ауданы №1 Предгорное орта мектебінің 8-сынып оқушылары: Анастасия Грохотова, Тлек Зекен, Александр Карашкевич; Шемонаиха ауданы Рулиха орта мектебінің 7-сынып оқушылары: Максим Петенов, Александр Слепокуров; Өскемен қаласындағы О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейдің 7-сынып оқушылары: Тоғжан Гумар, Аружан Кажымханова, Райхан Бақашева, Медет Ризабеков, Қыдырман Джельменов, Мадина Дәуітбекова, Егжан Гумар, Дина Жарылғасинова, Нариман Сакко; Зырян ауданы М.В. Инюшин атындағы №1 орта мектептің 7-сынып оқушылары: Виктория Хучиева, Алёна Захарова; Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернатының 7-сынып оқушысы Раджан Ержанов болды. Барлық бейіндік ауысымдардың салтанатты жабылуында қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.