2013 жылдың 2-8 маусымы аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық оқыту және сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасындағы аз қамтылған отбасының дарынды балаларына арналған «Тылсым бейнелер» атты Республикалық шығармашылық фотоөнер студиясы өтті.
Студия жұмысында Республиканың барлық өңірлерінен 12 ден 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Шығыс Қазақстан облысының командасының құрамында қалалық және аудандық мектептерден: Өскемен қаласындағы №3 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы - Саида Сагидоллина; Өскемен қаласындағы №16 орта мектептің 8-сынып оқушысы - Надира Дауылбаева; Күршім ауданы, №3 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушылары - Ақтолқын Жансапова және Серғазы Есқазынов болды.
Студия жұмысының негізгі мақсаты жобалар қорғау, шеберлік сабақтарға қатыстыру арқылы балаларды шығармашылыққа баулу, белгілі фотограф, өнер қайраткерлері: «Алматы Ақшамы» газетінің фототілшісі - С. Құсайынов; «Фотоөнер» ҚБ төрағасы, «Жас Алаш» Республикалық газетінің фототілшісі – А. Әбдірайымұлы; Петров ғылым және өнер Академиясының академигі (Ресей, Санкт-Петербург, ҚР журналистер одағының мүшесі) - В.Д. Коренчук қызметтерімен танысу болды.
Қатысушылардың жұмыстарынан ұйымдастырылған «Сүйемін сені туған өлкем!» атты аймақтардың презентациялары, «Бұл әлем қандай тамаша» атты фотокөрме, «Көтеріңкі көңіл күй шеңбері», «Мейірімділік сабақтары» қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.
Сонымен қатар Ә. Қастеев атындағы қалалық өнер музейіне, Абай атындағы опера және балет академиялық театрына, «Бөбек» ҰҒП ББСО аумағында орналасқан обсерваторияға және Алматы зообағына экскурсия ұйымдастырылды.
Студияның салтанатты жабылуында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.