+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Бастауыш мектеп оқушылары арасында «Бастау» республикалық математикалық турнирінің қортындысы
24 Мау, 10:13

2013 жылдың 14 - 18 маусым аралығында Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған  республикалық мамандандырылған физика-математикалық  мектеп-интернат базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  бастауыш мектеп оқушылары арасында  «Бастау»  республикалық математикалық турнирін өткізді. 

 Турнирдің мақсаты  -  математикаға  қабілетті балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және оқыту,  бастауыш мектеп оқушыларының   танымдық белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.  

    Турнирдің қорытынды кезеңі   3 айналымда өткізілді:

1 айналым – «Әубаста!» (командалық);

2 айналым – «Асық» (командалық);

3 айналым – «Бәйге» (математикалық бәйге, жеке).

Турнирге Шығыс Қазақстан облысынан 6 оқушы қатысты.

Үш айналымның қорытындысы бойынша барлық қатысушы ІI дәрежелі дипломмен марапатталды. Олар:

  1.  Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 4-сынып   оқушысы  Гаухар Сальменбаева;
  2. Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 3-сынып оқушысы  Диас Габаев;
  3.  Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 2-сынып оқушысы Султан Елмиров;
  4. Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектеп-лицейдің 2-сынып оқушысы  Мария Апасова;
  5. Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы  Кирилл Шматов;
  6. Семей қаласының № 6 гимназияның 4-сынып оқушысы  Тимур Кирибаев.

Турнирдің салтанатты жабылуында барлық қатысушыларға сертификаттар және кітаптар берілді.

Сонымен қатар қатысушылар үшін Медеуге және Алматы зообағына экскурсия ұйымдастырылды.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Турнирдің барлық қатысушыларына, олардың мұғалімдері мен ата-аналарына жаңа жеңістер тілейміз!