+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Білім мен дарынның салтанаты
20 Мау, 11:37

«Белес – 2013» - ағымдағы жылдың 19 маусымында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың қатысуымен өткен мектеп бітірушілердің І қорытынды балы осылай аталды.Алғашқы рет облыстың барлық қалалары мен аудандарының түлектері қатысқан іс-шара өңір басшысының бастамасымен ұйымдастырылды.

Шара қаланың көркем орындарының бірі – Амфитеатр алаңында өткізілді.

Бітіру балына облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінен жалпы саны 265 оқушы қатысты. Олардың арасында 140 оқушы – жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатының иегерлері, 115 оқушы – халықаралық және республикалық зияткерлік, спорттық олимпиадалардың, шығармашылық сайыстардың жүлдегерлері бар.

Бітірушілер арасында – Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің үздік оқушылары, сондай-ақ, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы бойынша облыста ең жоғарғы – 123 ұпай жинаған Жарма ауданы Маяковский атындағы орта мектептің оқушысы – Байғалиев Мағжан болды. Өскемен қаласының №3 мектеп-гимназия оқушысы – Кайыргалиева Дана 121 ұпайға ие болды. 120 ұпайдан Мұратпекова Айгерім – аталған мектеп-гимназияның оқушысы, Рахатқызы Мақпал – Зырян ауданы №9 орта мектептің оқушысы және Амин Ислам – Жарма ауданы Абай атындағы мектеп-гимназияның оқушысы ие болды.

Балға, бірінші рет, денсаулығының мүмкіндігі шектеулі оқушылар – облыстық «Интеллектуалды марафон» олимпиадасының жүлдегерлері қатысты. Олардың екеуі – Калинко Надежда мен Дуйсембеков Махамбет – маусым айының соңында Варшава қаласында (Польша мемлекеті) өтетін денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған І халықаралық олимпиадаға қатысады.

Бітірушілер балына қонақ ретінде облысымыздың танымал адамдары, кәсіпкерлері, ЖОО-ның ректорлары, еңбек ардагерлері, шығармашылықпен қызмет етіп жүрген мұғалімдер шақырылды.

Бал қонақтары мен қатысушыларына Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессоор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Отан» және «Құрмет» ордендерінің иегері – Асанәлі Әшімов пен КСРО Халық әртісі, профессоор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Бибігүл Төлегенова бейнеқұттықтауларын арнады.

Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың қолынан бал қатысушылары «Алтын белгі» төсбелгісін, құнды сыйлықтар алды. Дарынды оқушылар Бердібек Мәшбекұлына қамқорлық пен қолдау көрсеткені үшін алғыс сөздері мен игі тілектер жазылған фотоальбом сыйлады.  

Түлектер балын ұйымдастырушылар балалар үшін орасан зор мейрам атмосферасын жасауға тырысты. Нағыз балдағыдай, қола мүсіндер ұйымдастырылды және олар марапаттау кезінде «тіріліп», қатысушыларға раушан гүлінің жапырақтарын шашты.  Қыз балалардың ақ түсті сәнді көйлектері мен ұл балалардың қара түсті костюмдері балды ерекше салтататты етті.

Бал соңында барлық қонақтар мен қатысушыларды тосын сый күтіп тұрды – ұйымдасырушылардан сыйлық: мерекелік отшашу мен би кеші.