2013 жылғы 31 мамырда Шығыс Қазақстан білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес облыстың жалпы білім беретін оқу орындары оқушылары арасында облыстық Махамбет оқулары болып өтті.
Облыстық кезеңінің мақсаттары:
- мектеп оқушылары арасында Махамбет және Т.Айбергенов, Ф. Оңғарсынованың шығармаларын насихаттау;
- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттіліктерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;
- оқушыларды Махамбет поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Байқауға Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, Тарбағатай, Жарма, Ұлан, Аягөз, Глубокое, Шемонаиха, Бесқарағай, Зырян, Зайсан және Күршім аудандарынан, Жамбыл атындағы мамандандырылған облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернатынан, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатынан барлығы 35 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 18 оқушы жүлдегер атанды (тізімі қоса беріледі).
І орын алған жүлдегерлер 17-18 қыркүйек күндерінде Батыс Қазақстан облысы Атырау қаласында өтетін республикалық Махамбет оқуларына қатысуға жолдама алды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!