+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының Қ.И.Сәтпаев атындағы халықаралық олимпиадаға қатысуы туралы
30 Мамыр, 10:35

2013 жылы 28-30 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасының оқушылары Павлодар облысының Баянаул ауылында өткен жаратылыстану ғылымдары бойынша Қ.И.Сәтпаев атындағы халықаралық олимпиадаға қатысып қайтты.

Олимпиада дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың ғылым саласындағы білімдерін жалғастыруға бағыттау және негізгі ғылымдар саласында оқушылардың шығармашылық қызығушылықтарын дамыту мақсатында өткізілді.

Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысынан команда құрамында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандарылған мектептерден:

1. Өскемен қаласындағы математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің 8-сынып оқушысы  Ермолаев Вячеслав (математика);

2. Семейқаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің 8-сынып оқушысы  Аскеров Алямдар (биология);

3. Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің 8-сынып оқушысы Социалов Данияр (физика);

 4. Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейдің 8-сынып оқушысы Қалқаман Әлішер (химия) қатысты.

ІІ дәрежелі дипломмен Аскеров Алямдар марапатталды.

Олимпиадаға қатысушылар үшін Қ.И.Сәтпаев атындағы мұражайға және Баянауыл ұлттық паркіне саяхат ұйымдастырылды.