+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Жанды классика» республикалық байқауына қатысу қорытындысы
30 Мамыр, 05:22

2013 жылдың 14 мамыры күні балалардың орыс және әлемдік әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ресей Федерациясының баспа және бұқаралық байланыстары Федералды агенттігімен бірлесіп Жанды классика» байқауын өткізді.

Байқау алғашқы рет мектеп, лицей және гимназиялардың 6 сынып оқушыларының арасында болды.

Халықаралық жас мәнерлеп оқушылар байқауы Алматы қаласында ҚР Ұлттық кітапханасында өтті.

Барлық облыстан байқауға барлығы 23 оқушы қатысты.

Біздің облысымыздың намысын Өскемен қаласындағы № 23 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Хазанова Фируза мен № 10 мектеп – гимназиясының 6 сынып оқушысы Шмигельская Анна қорғап қайтты.

Байқау қорытындысы бойынша Шмигельская Анна III дәрежелі дипломмен, Хазанова Фируза грамотамен марапатталды.

Жүлдегерлерімізге және олардың мұғалімдеріне жаңа жеңістер тілейміз!